Казахтелеком

73%

1.1. Компанияның қысқаша профилі

GRI 2-1

«Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі — Компания) қызметі туралы негізгі фактілер:

А «Қазақтелеком» АҚ — Қазақстанның ең ірі телекоммуникациялық компаниясы. А

А Компанияның қызметі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырылады. Негізгі офистері Астана мен Алматы қалаларында, өңірлік өкілдіктері — Қазақстанның барлық бөліктерінде орналасқан. А

Ұйымдық-құқықтық нысаны — акционерлік қоғам (АҚ). «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Компания акцияларының 80,85%-ын бақылай отырып, мажоритарлық акционер болып табылады (31.12.2025 ж. жағдай бойынша).

А Компанияның бас офисі мына мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сауран көшесі, 12-үй. А

«Қазақтелеком» ҰАК Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысы негізінде құрылды.

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның ірі қалаларын деректер берудің жоғары жылдамдығы бар сандық ағындармен жалғастыратын тасымал оптикалық-талшықты сақина болып табылатын Ұлттық ақпараттық супермагистральге иелік етеді.

2000-шы жылдардың ортасынан бастап «Қазақтелеком» АҚ жылдық айналымы ондаған миллиард теңгеге жететін елдің ең табысты кәсіпорындары рейтингінде тұрақты түрде жоғары позицияны иеленіп келеді.

Компания сандармен

2025 жылғы негізгі көрсеткіштер

Қаржылық көрсеткіштер

Қызметтерді өткізуден түсетін кіріс, млн теңге
Операциялық шығыстар, млн теңге
Операциялық пайда, млн теңге
Таза пайда, млн теңге
EBITDA, млн теңге
EBITDA margin, %
Төленген дивидендтер, млн теңге
Төленген салықтар көлемі, млн теңге
1 қызметкерге шаққандағы кірістер, мың теңге
Активтер, барлығы, млн теңге
Ұзақ мерзімді кредиттер, млн теңге
Аналық ұйым иелеріне тиесілі меншікті капитал, млн теңге

Өндірістік көрсеткіштер

Тіркелген желілер саны***
Тіркелген КЖҚ абоненттері саны***
Ақылы ТВ абоненттері саны***
Ұялы байланыс абоненттері саны

Тұрақты даму көрсеткіштері

Атмосфераға шығарындылар¹, тонна***
Қызметкерлер саны², адам
Жазатайым оқиғалар***
Қаза табумен болған жазатайым оқиғалар***
  1. 2025 жылы компания ластаушы заттар шығаратын барлық көздерден (реттелетін және реттелмейтін) болатын шығарындыларды қайта есептеп, 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңдегі шығарындылар көлемін қайта жаңартты.
  2. Мәліметтер ЕҰ-ны ескере отырып берілген.
*МТС-ті ескере отырып ** МТС-ті ескерместен *** қоғам бойынша деректер

1.1.1. Қызмет бағыттары

GRI 2-6

А «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы (Компания, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақтелеком») Қазақстандағы тіркелген телефонияның ең ірі операторы, байланыс қызметтерін, оның ішінде ауылдық жерлердегі байланыс қызметтерін көрсетудегі танылған көшбасшы, сондай-ақ Ұлттық деректер беру желісінің ең ірі операторларының бірі болып табылады. А

«Қазақтелеком» АҚ — Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы «Республиканың бүкіл аумағында байланыс қызметтерінің кең диапазонын ұсынатын ұлттық ауқымдағы акционерлік қоғам құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық қорына мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен телекоммуникациялар ұйымдарының мүлкін беру арқылы «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы» № 666 қаулысына сәйкес құрылған ұлттық компания.

Компания «Қазақтелеком» Ұлттық акционерлік компаниясының құқықтық мирасқоры (бастапқы мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы әділет органдарымен 1994 жылғы 1 желтоқсанда жүргізілді).

«Қазақтелеком» АҚ өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акция шығаратын, негізгі мақсаты акционерлердің мүддесі үшін кіріс табу болып табылатын коммерциялық ұйым болып табылады.

Акционерлік қоғам қызметі оны ұйымдастыру мен қызмет етуінің құқықтық негіздерін айқындайтын бекітілген Жарғы шеңберінде жүзеге асырылады.

«Қазақтелеком» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:

  • коммерциялық қызметтен пайда алу және оны акционерлер мүддесінде пайдалану;
  • Қазақстан Республикасының аумағында заманауи телекоммуникациялық желілер құру және оларды әлемдік телекоммуникация желісіне интеграциялау;
  • Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде пайдаланушыларға барлық түрдегі телекоммуникациялық қызметтерді көрсету.

А «Қазақтелеком» АҚ ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісі мен жекеше телекоммуникация жүйелерін құру, монтаждау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының байланыс операторы ретінде қызмет атқарады, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісінің операторы функцияларын, оның ішінде Халықаралық электр байланысы одағының Регламентіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің байланыс әкімшіліктерімен, компаниялармен, пайдаланушылармен, халықаралық ұйымдармен есеп айырысуға құқығы бар қалааралық және халықаралық байланыс операторының функцияларын атқарады. А

Компания транзиттік әлеуетті дамытуға және Қазақстан арқылы транзиттік телекоммуникациялық ағындарды арттыруға үлкен назар аударады, өйткені барлық шекаралас учаскелерді жалғастырып, Қытаймен, Ресеймен, Еуропамен және Орта Азия республикаларымен байланысты қамтамасыз ететін магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілерінің желісіне ие.

Компания инфрақұрылымы республика бойынша 96 242 км-ден астам талшықты-оптикалық желілерді, 23 деректерді өңдеу орталығын, 8 983-тен астам базалық станцияны (2025 жылғы 31.12 жағдайы бойынша) құрайды — 4G/LTE желісі Қазақстанның барлық ірі қалаларында өрістетілген, 2025 жылы ел бойынша 1 154 5G базалық станциясы іске қосылды.

96 242

км

талшықты-оптикалық желілер республика бойынша

23

деректерді өңдеу орталығы

Қазақстанның барлық өңірлерінде орналасқан

1 154

5G базалық станциясы

2025 жылы операторлармен іске қосылды

1.1.2. «Қазақтелеком» АҚ-ның ұйымдық құрылымы

GRI 2-9, GRI 2-24

1

Акционерлердің жалпы жиналысы

2

Директорлар Кеңесі

3

Басқарма

4

Орталық аппарат

Филиалдар

1

Корпоративтік бизнес дивизионы

2

Бөлшек бизнес дивизионы

3

«Желі» дивизионы» бірлестігі

4

Сервистік фабрика

5

Жобаларды басқару дирекциясы

6

Өндірістік қауіпсіздік дирекциясы

7

Сандық бизнес дивизионы

8

Ақпараттық технологиялар дивизионы

9

«Телеком Комплект» дирекциясы

10

Корпоративтік университет

Еншілес және басқа аффилирленген компаниялар (2025 жылғы 31.12 жағдайы бойынша)

Компания / Қатысу үлесі

«Ауыл Телеком» ЖШС

100%

«Сандық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС

100%

«КТ-АйИкс» ЖШҚ (Ресей Федерациясы)

100%

«Нұрсат+» ЖШС

100%
Компания / Қатысу үлесі

«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС

100%

«Кселл» АҚ

51%

CaspiLink B.V.

50%