Маңыздылық
Компания мүдделі тараптардың негізгі топтарын және олар үшін маңызды мәселелерді айқындайды.
GRI 2-26, 2-29
«Қазақтелеком» АҚ мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды тұрақты даму мен корпоративтік басқарудың элементі ретінде дамытады. Компания күтулерді уақтылы анықтауға, сенім деңгейін арттыруға және ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған жүйелі әрі ашық диалогты құрады. Мұндай тәсіл негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға ықпал етеді және жылдам өзгеретін сыртқы контексте бизнес тұрақтылығын арттырады.
Компания мүдделі тараптардың негізгі топтарын және олар үшін маңызды мәселелерді айқындайды.
Компания стейкхолдерлермен өзара іс-қимылдың көзқарастарын, қажеттіліктерін және күтілетін нәтижелерін ескереді.
Компания стейкхолдерлер мен ұйымның алдында тұрған маңызды мәселелерге дәйекті әрекет етеді.
А Компанияда мүдделі тараптардың негізгі топтары сәйкестендірілді және халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерді ескере отырып өзектендірілетін мүдделі тараптар картасы әзірленді.
«Қазақтелеком» АҚ мүдделі тараптардың екі тобын бөліп көрсетеді және әр топтың үлесін Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл картасында көрсетеді:
Компанияның мүдделі тараптар картасы 2023 жылы жаңартылды. Компанияның жаңартылған мүдделі тараптар картасымен Компанияның telecom.kz сайтында таныса алады.
Карта негізінде Компания мүдделі тараптардың негізгі топтарын, мүдделі тараптардың мүдделерін, өзара іс-қимыл және хабарлау мақсаттарын, коммуникация арналарын, кезеңділігін, жауапты бөлімшелерді және алынған кері байланысты есепке алу форматын айқындайтын «Қазақтелеком» АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарын жыл сайын бекітеді. 2025 жылы 2026 жылға арналған өзектендірілген Өзара іс-қимыл жоспары әзірленді және бекітілді. Жоспардың жаңартылған нұсқасымен Компанияның telecom.kz сайтында таныса алады.
Компания ақпараттық ашықтық пен айқындық қағидаттарын ұстанады және мүдделі тараптарға өз қызметі туралы мәліметтер береді.
«Қазақтелеком» АҚ мүдделі тараптармен әртүрлі коммуникация арналарын пайдалана отырып өзара іс-қимыл жасайды:
Компания мынадай арналар мен құралдар арқылы кері байланысты есепке алады. Өзара іс-қимыл қорытындысы бойынша алынған кері байланысты бейіндік бөлімшелер талдайды және нәтижелер стратегиялық жоспарлауға интеграцияланады және тәуекелдерді сәйкестендіру процесінде ескеріледі. Стейкхолдерлерден алынған өтініштер Аудит және тұрақты даму комитетінің қарауына шығарылады. Әрі қарай Компания тиісті түзету іс-шаралар жоспарын және ESG-тәжірибелерді жетілдіру бойынша жол карталарын әзірлейді, оларға ішкі рәсімдерді түзету, клиенттік сервистерді дамыту, еңбек жағдайларын жақсарту, сатып алу процестерін жетілдіру және т.б. шаралар кіреді.
Кері байланыс мынадай арналар арқылы тұрақты негізде есепке алынады:
Кері байланысты есепке алу шеңберінде мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тиімділігін бағалау жүргізіледі. Бұл үшін Компанияның стратегиялық және операциялық деңгейлерінде мынаны қамтитын тиімділіктің мақсатты көрсеткіштері айқындалады:
1 203
қызметкер
Well-being survey сауалнамасынан өтті
2 544
адамды
SRS зерттеуі қамтыды