Казахтелеком

73%

Басқарма Төрағасының үндеуі

GRI 2-22

Құрметті акционерлер, инвесторлар, клиенттер, серіктестер және қызметкерлер!

2025 жыл «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметтерінің сапасын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және технология­лық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған стратегия­лық бастамаларды дәйекті іске асыру кезеңіне айналды. ­Компанияның негізгі назары халыққа, бизнеске және мемлекеттік ұйымдарға ел бойынша сенімді әрі қолжетімді байланысты қамтамасыз ететін орнықты сандық ортаны қалыптастыруға аударылды.

Есепті жылы желілік инфрақұрылымды ауқымды дамыту жалғасты. Жаңғырту жобалары шеңберінде ондаған мың жаңа абонентті жоғары жылдамдықты интернетке қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілді, бұл ретте 77 мыңнан астам пайдаланушы ескірген мыс желілерінен ­заманауи оптикалық технологияларға көшірілді. Бұл қосылым тұрақтылығын едәуір арттыруға, желідегі авариялылық деңгейін төмендетуге және сандық сервистердің одан әрі өсуіне негіз жасауға мүмкіндік берді.

Компания инфрақұрылымның технологиялық тәуелсіздігін дәйекті түрде арттырып келеді. 2025 жылы қол жеткізу желілерінің ашық архитектуралары негізіндегі пилоттық жобалар іске асырылды, әртүрлі өндірушілердің жабдықтарының үйлесімділігін қамтамасыз етуге және жаңа сервистерді енгізуді жеделдетуге бағытталған меншікті OpenOMCI платформасын әзірлеудің бірінші кезеңі аяқталды.

Негізгі бағыттардың бірі сандық платформаларды және жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді дамыту болды. Ішкі автоматтандыру және талдау міндеттері үшін де, B2B және B2G сегменттерінің клиенттері үшін де есептеуіш қуатты қамтамасыз ететін жоғары өнімді GPU-кластер пайдалануға берілді. Білім беру және корпоративтік сервистерде ЖИ-шешімдерді қолдануды кеңейту сандық экономиканың одан әрі өсуінің және бизнес-процестердің тиімділігін арт­тырудың негізін қалыптастырады.

Есепті жылы B2G-сегментіндегі жұмыс едәуір күшейтілді. «Қазақтелеком» АҚ өңірлер әкімдіктерімен және мемлекеттік органдармен сандық инфрақұрылымды дамытуға, байланыс қолжетімділігін арттыруға және заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге бағытталған бірқатар меморандумдар жасасты. Бұл жобалар өңірлерді кешенді дамытуға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және елдің бірыңғай сандық кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Топ нәтижелеріне маңызды үлес «Кселл» АҚ («Кселл» АҚ және Activ брендтері) түсті, ол 2025 жыл қорытындысы бойынша орнықты өсуді көрсетті. Компанияның түсімі 8,6%-ға ұлғайып, 262 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте өсу тарифтік саясатты елеулі қайта қараусыз қамтамасыз етілді, бұл ­операциялық тиімділіктің артуын, өнім желісінің дамуын және қызметтерге тұрақты сұранысты куәландырады.

Жеке басымдық ретінде мемлекетпен ынтымақтастық шеңберінде ауылдық елді мекендерде талшықты-­оптикалық байланыс желілерін салу бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жобаны іске асыру қалып отыр. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен инвестициялық келісімге сәйкес Компания 3 000-нан астам ауылдық елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетке қосуды қамтамасыз етеді.

Компания сандық алшақтықты қысқартуға және сандық сервистерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық бастамаларды іске асыруға белсенді қатысуын жалғастырды. Ауылдық елді мекендерде, білім беру мекемелерінде және шекаралас аумақтарда байланыс инфрақұрылымын дамыту азаматтар, бизнес және мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

Желінің сенімділігі мен қауіпсіздігі басымдық болып қала берді. Есепті жылы абоненттің инфрақұрылымына жасалған ірі DDoS-шабуыл табысты тойтарылды, бұл телекоммуникациялық инфрақұрылымның жоғары орнықтылық деңгейін және ақпараттық қауіпсіздік саласында енгізілген шешімдердің тиімділігін растады.

Тұрақты даму қағидаттарын дәйекті интеграциялау сыртқы деңгейде расталды: 2025 жыл қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ S&P Global-дың ESG-бағасын 51 балл деңгейінде алып, орташасалалық көрсеткіштерден асып түсті. Бұл нәтиже Компанияның корпоративтік басқаруды, экологиялық және әлеуметтік тәжірибелерді, оның ішінде сандық инклюзияны, өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруды және экологиялық әсерді азайтуды дамыту бойынша жүйелі жұмысын көрсетеді.

Қол жеткізілген нәтижелер команданың кәсібилігі мен стратегияны дәйекті іске асырудың арқасында мүмкін болды. 2026 жылы Компания қызметтер сапасына, желі сенімділігіне және клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ерекше назар аудара отырып, оптикалық инфрақұрылымды, сандық платформаларды және жасанды интеллект негізіндегі ­сервистерді дамытуды жалғастырады.

Қызметкерлерге, серіктестерге және клиенттерге сенімі және Қазақстанның сандық болашағын дамытуға бағытталған бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіремін.

Б. Мусин


«Қазақтелеком» АҚ
Басқарма Төрағасы