Казахтелеком

73%

4.1. Тұрақты дамуды басқару

4.1.8. Қауымдастықтардағы мүшелік

GRI 2-28

А Өз қызметінің тұрақтылығын арттыру үшін «Қазақтелеком» АҚ ұлттық және халықаралық деңгейде бейіндік қауымдастықтар ілгерілететін бастамаларды іске асыруға белсенді қатысады, сондай-ақ ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынастарды дамытады.

Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:

  • телекоммуникация нарығын дамыту;
  • заңнамалық және нормативтік базаны жақсарту;
  • бірлескен жобаларды бастамалау және іске асыру;
  • саланы және өңірлерді тұрақты дамыту бойынша негізгі бастамаларды ілгерілету.

«Қазақтелеком» АҚ 2025 жылы тұрақты даму, адам құқықтарын қорғау, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаттарына адалдығын растай отырып, БҰҰ-ның Жаһандық шартына (United Nations Global Compact) ресми түрде қосылды. Бұл шешім компанияның телекоммуникация нарығының жауапты қатысушысы ретіндегі позициясын нығайтады.

Компания сондай-ақ бірқатар халықаралық және ұлттық салалық бірлестіктер мен қауымдастықтардың, оның ішінде:

  • «Қазақстандағы блокчейн және дата-орталықтар индустриясын дамыту қауымдастығы» ЗТБ;
  • «Ұлттық телекоммуникациялық қауымдастық» заңды тұлғалар бірлестігі;
  • «Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
  • International Telecommunication Union (ITU);
  • ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
  • Байланыс саласындағы өңірлік достастық;
  • Қазақстан машина жасаушыларының одағы;
  • Инфотехнологиялар өндірушілерінің және инфокоммуникация субъектілерінің одағы қатысушысы болып табылады. А