2025 жылы «Қазақтелеком» АҚ Компанияның сандық трансформациясы мен ұлттық сандық инфрақұрылымды қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі ретінде жасанды интеллект (бұдан әрі — ЖИ) технологияларын жүйелі дамытуды жалғастырды.
ЖИ саласындағы бастамаларды іске асыру ауқымдалатын технологиялық платформа құруға, жаңа сандық сервистерді дамытуға және зияткерлік автоматтандыру есебінен ішкі және сыртқы процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған. Компания мемлекеттік сектор, бизнес және ішкі функциялар үшін есептеуіш инфрақұрылымды, корпоративтік AI-платформаны және қолданбалы шешімдерді қамтитын жасанды интеллект экожүйесін қалыптастырады.
Жасанды интеллект бағытын жүйелі дамыту шеңберінде 2025 жылы Компания құрылымында AI-шешімдерді дамыту мен енгізуді басқарудың орталықтанған орталығы ретінде әрекет ететін жаңа филиал — Сандық бизнес дивизионы құрылды. Сандық бизнес дивизионының бас директоры «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының мүшесі болып табылады.
Дивизионды құру AI-шешімдерді әзірлеуді және ауқымдауды шоғырландыруға, оларды негізгі бизнес-процестерге интеграциялауға, ішкі сараптаманы қалыптастыруға және сыртқы жеткізушілерден тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді. Бөлімше ML, NLP, Speech AI, Generative AI, MLOps және AI-Security бағыттары бойынша құзыреттіліктердің бірыңғай орталығының функцияларын орындайды, сондай-ақ операциялық және күрделі шығындарды оңтайландыру, қызметтерді персонификациялау, клиенттік тәжірибе сапасын және басқарушылық процестердің ашықтығын арттыру арқылы өлшенетін бизнес-нәтижеге қол жеткізу бойынша жұмыс істейді.