Казахтелеком

73%

5.6. Басқарма

Басқарма Компанияның алқалы атқарушы органы болып табылады. Ол Компания атынан әрекет етеді, оның ішінде оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Компания Жарғысында белгіленген тәртіпте Компания атынан мәмілелер жасайды, Компанияның Орталық аппарат қызметкерлерін қоспағанда, Компания қызметкерлерінің штатын бекітеді, Компанияның барлық қызметкерлеріне орындалуға міндетті шешімдер қабылдайды.

Басқарма Компанияның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Компания Жарғысында Компанияның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Компания қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

Басқарма Акционерлердің жалпы жиналысы мен Компания Директорлар Кеңесінің шешімдерін орындайды, Директорлар Кеңесіне есеп береді және оған жүктелген міндеттерді орындағаны үшін оның алдында жауапты. Директорлар Кеңесі Төрағасы мен Басқарма Төрағасының рөлі мен функциялары айқын ажыратылған және Жарғыда бекітілген.

Басқарма 7 мүшеден тұрады — Басқарма Төрағасы мен Директорлар Кеңесі сайлаған басқа да тұлғалардан.

31.12.2025 ж. жағдай бойынша Басқарма құрамына мынадай тұлғалар кіреді:

Басқарма мүшелері:

  • Мусин Бағдат Батырбекұлы — Басқарма төрағасы;
  • Нұркатов Арнұр Арыстанұлы;
  • Мейрамов Ержан Болатұлы;
  • Мейрманов Нұрлан Кемалұлы;
  • Молдабекова Әсел Тұлахбайқызы;
  • Каиров Асқар Жәлелұлы;
  • Қорабаев Елжас Қайратұлы.

5.6.1. Басқарма құрамы

GRI 2-11

Мусин Бағдат Батырбекұлы


Директорлар Кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы

Туған күні: 1983 жылғы 3 наурыз
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына алғашқы сайланған күні: 2024 жылғы 10 маусым
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына ағымдағы сайланған күні: 2024 жылғы 10 маусым


Компания акцияларына, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ


Білімі: жоғары

2000 — 2004 жж. — С. Демирел атындағы университет, «Компьютерлік технологиялардың бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуі» мамандығы;
2004 — 2006 жж. — Қазақ құқықтану және Халықаралық қатынастар институты, «Заңгер» мамандығы.

Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

2018 — 2019 — BI Group холдингінің инновациялар жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары;
2019 — 2020 — Кәсіпкер, IT-маман;
03.2020 — 07.2020 жж. — ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі;
07.2020 — 09.2020 жж. — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі;
02.09.2020 — 29.04.2024 жж. — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
10.06.2024 — қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы, Директорлар Кеңесінің мүшесі.

Нұрқатов Арнұр Арыстанұлы


«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары

Туған күні: 1967 жылғы 20 қазан
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына алғашқы сайланған күні: 2024 жылғы 18 шілде
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына ағымдағы сайланған күні: 2024 жылғы 18 шілде


Компания акцияларына, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ


Білімі: жоғары

1990 ж. — Алматы халық шаруашылығы институты, «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы;
2009 ж. — Халықаралық бизнес академиясы. Мамандығы: «Менеджмент».

Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

2015-2024 — Бас директор, «KT Cloud Lab» ЖШС, Алматы қ.;
2024 жылдан — Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі.

Мейрманов Нұрлан Кемалұлы


«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, Стратегия және сыртқы активтерді басқару жөніндегі бас директор

Туған күні: 1972 жылғы 3 тамыз
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына алғашқы сайланған күні: 2019 жылғы 2 мамыр
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына ағымдағы сайланған күні: 2022 жылғы 1 мамыр


Компания акцияларына, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ


Білімі: жоғары

1989 — 1995 жж. — Қазақ Химия-технологиялық институты. «Химия өндірісінің негізгі процестері мен химиялық кибернетика» мамандығы;
2008 ж. — Халықаралық бизнес академиясы. Мамандығы: «Іскерлік әкімшілендіру докторы»;
2011 ж. — РФ Президенті жанындағы Ресейлік халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы. Мамандығы: «Іскерлік әкімшілендіру докторы».

Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

01.2012 — 05.2019 жж. — «Қазақтелеком» АҚ, Инновациялар жөніндегі Басқарушы директор;
05.2019 — 01.2025 жж. — «Қазақтелеком» АҚ, Инновациялар жөніндегі бас директор;
01.2025 — қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ, Стратегия және сыртқы активтерді басқару жөніндегі бас директор.

Молдабекова Әсел Тұлахбайқызы


«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ филиалы — Бөлшек бизнес дивизионының Бас директоры

Туған күні: 1978 жылғы 28 сәуір
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына алғашқы сайланған күні: 2025 жылғы 29 тамыз
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына ағымдағы сайланған күні: 2025 жылғы 29 тамыз


Компания акцияларына, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ


Білімі: жоғары

1995 — 1999 жж. — Қазақ мемлекеттік басқару академиясы. Мамандығы: «Экономикадағы ақпараттық жүйелер»;
2001 — 2003 жж. — Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті. Мамандығы: «Экономика магистрі»;
2017 — 2019 жж. — Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, Мамандығы: «Заңтану»;
2019 ж. — «Айвенго» ЖШҚ кәсіби қайта даярлау бойынша Ресей Федерациясы. Мамандығы: «Ecommerce-ке енгізілу. Электрондық коммерция».

Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

07.2020 — 02.2024 жж. — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі министрінің кеңесшісі;
02.2024 — 07.2024 жж. — «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі;
08.2024 — 01.2025 жж. — «Қазақтелеком» АҚ Цифрлық трансформация және тиімділік жөніндегі бас директор.
01.2025 — 02.2025 жж. — «Қазақтелеком» АҚ Цифрлық трансформация және тиімділік жөніндегі Басқарушы директор;
03.2025 — 09.2025 жж. — «Қазақтелеком» АҚ БББД клиенттік сервис пен маркетингтік коммуникациялар жөніндегі Басқарушы директор;
09.2025 — қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес Дивизионының (БББД) Бас директоры.

Мейрамов Ержан Болатұлы


«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ Бас әкімшілік директоры

Туған күні: 1982 жылғы 2 наурыз
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына алғашқы сайланған күні: 2024 жылғы 18 шілде
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына ағымдағы сайланған күні: 2024 жылғы 18 шілде


Компания акцияларына, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ


Білімі: жоғары

1999 — 2003 — М. С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университеті, «Заңтану» мамандығы;
2003 — 2005 жж. — Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Қаржы және несие» мамандығы;
2012 — 2013 жж. — Лондон Корольдік колледжі (King`s College London), «Мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат бойынша магистр» мамандығы.

Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

2019 — 2021 — «Кселл» АҚ-ның Құқықтық мәселелер мен мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі Департамент директоры;
2021 — 2024 — ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетінің Төрағасы;
2024 жылдан — Бас әкімшілік директор, Басқарма мүшесі.

Каиров Асқар Жәлелұлы


«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ филиалы — Корпоративтік бизнес дивизионының Бас директоры

Туған күні: 1980 жылғы 2 желтоқсан
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына алғашқы сайланған күні: 2025 жылғы 19 қыркүйек
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына ағымдағы сайланған күні: 2025 жылғы 19 қыркүйек


Компания акцияларына, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ


Білімі: жоғары

1998 — 2003 — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Мамандығы: «Экономист-менеджер»;
2008 — Халықаралық бизнес академиясы. Мамандығы: «МВА».

Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

01.2019 — 02.2021 — «Транстелеком» АҚ Атқарушы директоры;
02.2021 — 01.2024 — «ҚТЖ — Жүк тасымалдары» ЖШС Атқарушы директоры;
01.2024 — 19.09.2025 — «Самұрық-Қазына» АҚ Көлік және коммуникациялар департаментінің Директоры;
09.2025 — қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік бизнес Дивизионының Бас директоры.

Қорабаев Елжас Қайратұлы


«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, Қаржы директоры

Туған күні: 1990 жылғы 10 шілде
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына алғашқы сайланған күні: 2025 жылғы 1 қазан
«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы құрамына ағымдағы сайланған күні: 2025 жылғы 1 қазан


Компания акцияларына, Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ


Білімі: жоғары

2008 — 2009 — Kings Oxford College. Мамандығы: Математика, экономика және саясат;
2009 — 2012 — The University of Manchester — математика және қаржы бакалавры;
2012 — 2013 — Imperial College London — қаржы магистрі.

Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

05.2017 — 07.2018 — Еуропалық қайта құру және даму банкінде инфрақұрылым мен көлік саласындағы мәмілелерді құрылымдау мен сүйемелдеу бойынша банктік сарапшы;
07.2018 — 09.2025 — «Самұрық-Қазына» АҚ-ның корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің Директоры.


5.6.2. Басқарма қызметі

Есепті кезеңде Басқармамен мынадай негізгі мәселелер бойынша шешімдер қаралып, қабылданды:

  • мақұлданды — «Қазақтелеком» АҚ-ның Корпоративтік есеп саясаты, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2026 жылға арналған инвестициялық қызметінің параметрлері, «ЖИ-шешімдерді енгізу үшін есептеуіш қуаттарды дамыту» бизнес-жоспары, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2024 жылғы жылдық қаржылық есептілігі, «Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі. Екінші кезең» бизнес-жоспары, «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін FTTH технологиясы бойынша кең жолақты қол жеткізумен қамтамасыз ету» стратегиялық жобасының бизнес-жоспары, 2024 жылғы таза табысты және «Қазақтелеком» АҚ бөлінбеген пайдасын бөлу тәртібі, «Қазақтелеком» АҚ Тобының 2025–2029 жылдарға арналған даму стратегиясы, «Қазақтелеком» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексі, «Қазақтелеком» АҚ мен Amazon Kuiper (АҚШ) арасындағы Корпоративтік келісімнің қаржылық моделі.
  • бекітілді — «Қазақтелеком» АҚ-ның 2025 жылға арналған мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2025 жылға арналған кассалық бюджеті, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2025 жылға арналған сатып алу бюджеті, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2025 жылға арналған стратегиялық және бизнес-бастамаларды іске асыру жол картасы — «JRun» бағдарламасы, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2026–2030 жылдарға арналған Операциялық бюджеті, Жасанды интеллектіні қолданумен жобаларды іске асыру жол картасы, «Қазақтелеком» АҚ-ның мирасқорлар пулын қалыптастыру мен дайындау қағидалары.

5.6.3. Басқарма сыйақысы

GRI 2-19, 2-20

Есепті кезеңде Компанияның басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу шарттары мен тәртібі Директорлар Кеңесінің 14.02.2023 ж. шешімімен, №2 хаттамамен (Қағидалар) бекітілген «Қазақтелеком» АҚ басшы қызметкерлеріне есепті кезеңдегі жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы төлеу қағидаларымен регламенттелген.

Қағидалардың негізгі қағидаттары:

  • сыйақының Компания мен оның акционерлерінің мүддесіне сәйкес келетін міндеттерді орындаумен өзара байланысы;
  • сыйақы мөлшерін айқындау қағидаттарының қарапайымдылығы мен ашықтығы;
  • сыйақының Компания қызметінің нәтижелеріне және қызметкердің жеке нәтижелілігіне тәуелділігі.

Басшы қызметкерлердің қызметін бағалау үшін Директорлар Кеңесімен бекітілетін және Компанияның стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарымен арақатынаста болатын мотивациялық ҚТК қолданылады. Қысқа мерзімді ҚТК бойынша ауыспалы өтемақыны бағалау үшін қолданылатын орындау кезеңі 1 жылды құрайды. Мұндай көрсеткіштер тізбесіне EBITDA Margin деңгейіне қол жеткізу, еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтумен болатын жарақаттардың жиілігі коэффициенті (LTIF), тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы ішкі ел құндылығы үлесі, Компаниялар тобы бойынша меншікті капитал рентабельділігі, тіркелген байланыс қызметтері нарығындағы «Қазақтелеком» АҚ үлесі және т.б. кіреді.

Компания сондай-ақ ұзақ мерзімді ҚТК-ге жеке тәсіл қолданады. ҚТК-нің бір бөлігі ұзақ мерзімді сипатта және Компанияның тұрақты дамуы мен құнының өсуіне бағдарлануды қамтамасыз ете отырып, көп жылдық көкжиекте бағаланады. Ұзақ мерзімді ҚТК бойынша ауыспалы өтемақыны бағалау үшін қолданылатын орындау кезеңі 5 жылды құрайды. Мұндай көрсеткіштерге ірі инвестициялық жобаларды, оның ішінде іске асыру мерзімі 2025–2026 жж. «Каспий арқылы ТОБЖ салу» жобасын, іске асыру мерзімі 2022–2025 жж. «5G желісін дамыту» жобасын іске асыру жатады.

Компания Басқарма Төрағасының қысқа мерзімді сыйақысының бір бөлігін кейінге қалдыру тетігін қолданбайды. Қысқа мерзімді сыйақы акцияларға немесе опциондарға айырбастаусыз толық көлемде төленеді. Басқарма Төрағасының жекелеген ҚТК-сі тәуекел­дерді басқарумен байланысты және Топ бойынша EBITDA Margin-ге қол жеткізуді, LTIF көрсеткіші мен NPS адалдық индексіне қол жеткізуді қамтиды.

Басшы қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

  • мотивациялық ҚТК мен олардың мақсатты мәндерін қою;
  • мотивациялық ҚТК-ні бекіту;
  • нәтижелілікті мониторингтеу;
  • нақты нәтижелілікті есептеу мен бекіту.

Есепті кезеңдегі жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы Компания бюджетінде осы мақсаттарға көзделген ақша қаражаты шегінде, есепті кезеңге аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері белгіленген тәртіпте бекітілгеннен кейін төленеді.

Есепті кезеңдегі жұмыс қорытындысы бойынша сыйақылардың шекті мөлшерлері еңбекақы төлеу құрылымына сәйкес айқындалады.

Қоғамның Басқарма мүшелеріне 2025 жылы төленген ақшалай еңбекақы төлемдері мен көтермелеудің барлық түрлерінің жиынтық мөлшері салықтарды шегергенде 504 079,625 мың теңгені құрады.