Казахтелеком

73%

5.10. Ішкі аудит

Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі — ІАҚ) Компания Директорлар Кеңесінің Компанияда ішкі аудитті ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін органы болып табылады, тікелей Директорлар Кеңесіне бағынады және есеп береді, Аудит және тұрақты даму комитетімен жетекшілік етеді.

ІАҚ қызметі Ішкі аудит қызметі туралы ережеге және «Қазақтелеком» АҚ-ның Жылдық аудит жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Өз қызметінде Қызмет тәуелсіздік, объективтілік, құзыреттілік және жұмысқа кәсіби қарым-қатынас қағидаттарын, Ішкі аудиторлар институтының Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарымен белгіленген ішкі аудиторлар қызметінің сапалық стандарттары мен стандарттарын басшылыққа алады. 7.1 стандартына (Ұйымдық тәуелсіздік) сәйкес ІАҚ ұйымдық тәуелсіздікті сақтайды.

Негізгі қызмет шеңберінде 2025 жылы Жылдық аудиторлық жоспарға және Директорлар Кеңесінің тапсырмаларына сәйкес Қызмет 17 аудиторлық іс-шара өткізді, жоспар 113%-ға орындалды.

KPMG тәуелсіз сыртқы бағалауы ІАҚ қызметінің барлық маңызды аспектілерде Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына сәйкестігін растады. Сәйкестік деңгейі

98%

құрады