Казахтелеком

73%

4.4 Тұрақты даму саласындағы есеп: G аспектісі

4.4.4. Нарықтар мен бәсекелестік

4.4.4.1. Басқару тәсілі

GRI 3-3

Компанияда бәсекелестікке қарсы мінез-құлықты басқару тәсілі құқықтық, этикалық және стратегиялық шаралардың үйлесімін қамтиды. «Қазақтелеком» АҚ басшылыққа алатын Қазақстан Республикасының іргелі заңнамалық актілерінің бірі — «Табиғи монополиялар туралы» Заң.

Компания Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тізілімінің республикалық бөліміне енгізілген және «әмбебап қызметтер» операторының функцияларын жүзеге асырады, осыған байланысты оның қызметі мемлекет тарапынан реттелуге жатады.

«Қазақтелеком» АҚ-ның тарифтік реттеу және табиғи монополиялар туралы заңнаманы сақтау саласындағы қызметі табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті орган ретіндегі Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бақылауымен жүзеге асырылады. Компанияға қатысты монополияға қарсы реттеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы өкілеттіктер де Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен іске асырылады.

Лицензиялауды, радиожиілік спектрін бөлуді және техникалық қадағалауды қоса алғанда, байланыс саласындағы қызметті салалық реттеуді Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникация комитеті арқылы жүзеге асырады. Кибер- және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін министрлік жанындағы Ақпараттық қауіпсіздік комитеті кураторлайды.

GRI 2-27, GRI 206-1

Есепті кезеңде Компанияда монополияға қарсы заңнаманың бұзылуымен байланысты жағдайлар мен бәсекелестікке кедергі келтіруге байланысты Компанияға қатысты өзге де құқықтық әрекеттер тіркелмеген.

76-кесте. 2025 жылғы монополияға қарсы және бәсекелестік заңнамасын бұзу жағдайлары, дана A

Назардағы сала 2025
Бәсекелестікке қарсы мінез-құлықтың расталған жағдайларының жалпы саны 0
Монополияға қарсы және бәсекелестік заңнамасын бұзу жалпы саны 0