Казахтелеком

73%

5.4. Директорлар Кеңесі

GRI 2-9

Директорлар Кеңесі Компанияның қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындайтын, даму стратегиясын, бюджетті бекітетін, атқарушы органды сайлайтын және өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын Компания басқару органы болып табылады.

Директорлар Кеңесі Компанияның қызметінің нәтижелері үшін акционерлерге есеп береді. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында Директорлар Кеңесінің Төрағасы Директорлар Кеңесінің қызметі туралы есепті ұсынады. Есепте Кеңес пен комитеттердің жұмыс қорытындысы, ұзақ мерзімді құнның өсуі бойынша шаралар, негізгі тәуекелдер, маңызды оқиғалар, қаралған мәселелер, отырыстар форматы мен қатысуы, сондай-ақ басқа да маңызды ақпарат қамтылады. Директорлар Кеңесінің есебі Компанияның жылдық есебі құрамына енгізіледі. Директорлар Кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ Жарғымен, Корпоративтік басқару кодексімен, Директорлар Кеңесі туралы ережемен және Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған басқа да құжаттармен реттеледі.

А Компания Директорлар Кеңесі мүшелерінің кәсіби қызметі мен атқаратын өзге де лауазымдары туралы ақпаратты ашады. Компания корпоративтік тәжірибесінде Директорлар Кеңесі мүшелерін акционер өкілдері мен тәуелсіз директорлар деп жіктеу қолданылады. Директорлар Кеңесі мүшелерін атқарушы және атқарушы емес деп ресми бөлу Компания есептілігінде қолданылмайды. Директорлар Кеңесі мен оның комитеттерінің құрамы мүшелердің мәртебесін және олардың комитеттерге қатысуын көрсете отырып ашылады.

Директорлар Кеңесінің жекелеген мүшелерін немесе оның толық құрамын жаңа мерзімге қайта сайлау кезінде олардың Компания Директорлар Кеңесінің қызметінің тиімділігіне қосқан үлесі назарға алынады. Директорлар Кеңесінің Төрағасы бір мезгілде Қор Басқармасының Төрағасы бола алмайды. А

7

адам

Директорлар кеңесінің құрамына кіреді

3

Директорлар кеңесі

мүшесі тәуелсіз (жалпы санының 43%-ы)


5.4.1. Директорлар Кеңесі мүшелерінің рөлдері

Директорлар Кеңесінің Төрағасы Директорлар Кеңесін басқарады, жұмысты ұйымдастырады және Директорлар Кеңесінің тиімді қызметін қамтамасыз етеді, оның отырыстарын жүргізеді, сондай-ақ Жарғыда және Директорлар Кеңесі туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Директорлар Кеңесінің мүшелері — акционерлер өкілдері Директорлар Кеңесі өз қызметін жүзеге асыру кезінде ірі акционерлердің мүдделерін білдіреді.

Директорлар Кеңесінің тәуелсіз директорлары барлық комитеттердің құрамына кіреді, барлық мәселелерді қарайды және Директорлар Кеңесіне ұсынымдар қабылдайды. Аудит және тұрақты даму комитетінің құрамына тек тәуелсіз директорлар ғана кіреді. Олар қаржылық есептілік, ішкі және сыртқы аудит, тәуекелдер мен қызметтің басқа да маңызды салалары мәселелерін қарайды. Сонымен қатар, тәуелсіз директорлар өздерінің тәуелсіздігі күшіне қарай мүдделілік бар мәмілелер жасасу туралы шешімдер де қабылдайды.


5.4.2. Директорлар Кеңесі мүшелерін сайлау

GRI 2-10

А Директорлар Кеңесінің мүшелері Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында сайланады және «­Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесінің бұрын сайланған мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан ­Республикасының заңнамасында, «Қазақтелеком» АҚ Жарғысында және «Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесі туралы ережеде белгіленген тәртіпте Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қайта сайланады.

Акционерлердің жалпы жиналысы Директорлар Кеңесінің мүшелерін үміткерлердің құзыреттіліктерін, дағдыларын, жетістіктерін, іскерлік беделін, кәсіби тәжірибесін, сондай-ақ жеке сипаттамалары, жасы мен гендерлік құрамы бойынша әралуандылықты ескере отырып, айқын әрі ашық рәсімдер негізінде сайлайды.

Директорлар Кеңесі құрамына Директорлар Кеңесінің өз функцияларын орындауы мен ұйымның ұзақ мерзімді құнының өсуі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті білімдері, дағдылары мен тәжірибесі бар, сондай-ақ мінсіз іскерлік және жеке беделі бар тұлғалар кіруге тиіс.

Директорлар Кеңесі құрамына үміткерлерді іріктеу кезінде мынадай критерийлер ескеріледі:

  • басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;
  • Директорлар Кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;
  • жұмыс өтілі;
  • білімі, мамандығы, оның ішінде халықаралық сертификаттардың болуы;
  • бағыттар мен салалар бойынша құзыреттіліктердің болуы (салалар активтер портфеліне байланысты өзгеруі мүмкін);
  • іскерлік беделі;
  • ұйымның Директорлар Кеңесі құрамына сайланған жағдайда мүдделердің тікелей немесе ықтимал қақтығысының болуы.

Директорлар Кеңесі мүшелерін сайлау акционерлерге Директорлар Кеңесіндегі бір орынға бір үміткер ұсынылған жағдайларды қоспағанда, дауыс беруге арналған бюллетеньдерді пайдалана отырып, кумулятивтік дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.

Директорлар Кеңесінің мүшесі лауазымына сайлау үшін кандидатуралар мыналардың арасынан ұсынылуы мүмкін:

  • Жеке тұлғалар — акционерлер.
  • Акционерлер өкілдері ретінде Директорлар Кеңесіне сайлауға ұсынылған (ұсыным берілген) тұлғалар.
  • Компанияның акционері болып табылмайтын және акционер өкілі ретінде Директорлар Кеңесіне сайлауға ұсынылмаған (ұсыным берілмеген) жеке тұлғалар. А

5.4.3. Директорлар Кеңесінің құрамы

2025 жылы «Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесінің құрамында өзгерістер болды.

2025 жылғы 29.08-де Абдуалиев Асет Куандыкович Директорлар Кеңесі құрамынан өз бастамасымен шықты.

2025 жылғы 14.11-де Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен:

  • «Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесі құрамына Директорлар Кеңесі өкілеттіктерінің қалған мерзіміне Тлеухабылұлы Олжас тәуелсіз директор ретінде сайланды.

Қазіргі уақытта, 2025 жылғы 31.12 жағдай бойынша, Директорлар Кеңесі құрамына мыналар кіреді:

  • Байдәулетов Нұржан Тәліпович (Директорлар Кеңесінің Төрағасы);
  • Отыншиев Елжас Мұратұлы;
  • Казутин Николай Юрьевич;
  • Мусин Бағдат Батырбекұлы;
  • Заика Дмитрий Александрович;
  • Неупокоев Артур Викторович;
  • Тлеухабылұлы Олжас.

Директорлар Кеңесі мүшелерінің негізгі құзыреттіліктері:

  • Байдәулетов Нұржан Тәліпович — Директорлар Кеңесін басқару, телекоммуникациялар, стратегия, ірі акционер шешімдерін іске асыру;
  • Мусин Бағдат Батырбекұлы — телекоммуникациялар, стратегия, бизнес-жоспарлау;
  • Отыншиев Елжас Мұратұлы — стратегия, кадрлық мәселелер, ірі акционер шешімдерін іске асыру;
  • Казутин Николай Юрьевич — аудит, қаржы, маркетинг, ірі акционер шешімдерін іске асыру;
  • Заика Дмитрий Александрович — аудит, қаржы, стратегиялық жоспарлау, маркетинг, телекоммуникациялар, мобильді бизнес;
  • Неупокоев Артур Викторович — телекоммуникациялар, маркетинг, стратегиялық менеджмент, корпоративтік сатулар, операторлық бизнес;
  • Тлеухабылұлы Олжас — аудит, корпоративтік қаржы, халықаралық құқық, стратегия, менеджмент, мемлекеттік басқару.

5.4.4. Директорлар Кеңесі мүшелерінің өмірбаяндары А

GRI 2-9, 2-11

Нұржан Тәліпұлы Байдәулетов


Директорлар Кеңесінің Төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі (8 655 561 жай (дауыс беретін) акция)

Туған күні: 1960 жылғы 1 қыркүйек
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар Кеңесі құрамына алғаш сайланған күні:2012 жылғы 8 мамыр
Директорлар Кеңесі құрамына ағымдағы сайланған күні: 2024 жылғы 30 сәуір
Акцияларға иелік ету: Иелік етпейді


Білімі:

2017 — 2019 — Ұлыбритания Директорлар Институтының IOD директорларын халықаралық сертификаттау бағдарламасы;
09.1977 — 06.1986 — Мәскеу теміржол көлігі институты.
Мамандығы: теміржол көлігіндегі тасымалдау процестерін басқару.


Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

17.04.2016 — қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ «Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесіндегі өкілі;
02.06.2014 — 17.04.2016 — «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі бас директор;
27.11.2008 — 01.06.2014 — «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директор.

Елжас Мұратұлы Отыншиев


Директорлар Кеңесі мүшесі — «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі (8 655 561 жай (дауыс беретін) акция)

Туған күні: 1987 жылғы 1 сәуір
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар Кеңесі құрамына алғаш сайланған күні:2024 жылғы 12 сәуір
Директорлар Кеңесі құрамына ағымдағы сайланған күні: 2024 жылғы 30 сәуір
Акцияларға иелік ету: Иелік етпейді


Білімі:

2008 — 2010 — Мәскеу физика-техникалық институты Жалпы және қолданбалы физика факультеті Мамандығы: қолданбалы математика мен физика (магистр);
2004 — 2008 — Мәскеу физика-техникалық институты Жалпы және қолданбалы физика факультеті Мамандығы: қолданбалы математика мен физика (бакалавр);
1996 — 2003 — «Елім ай» музыка мектебі, вокал мен фортепиано;
2002 — 2004 — № 165 техникалық лицей, Алматы;
1994 — 2002 — № 120 лингвистикалық гимназия, Алматы.


Қосымша ақпарат:

Сәуір 2004 — Физика бойынша 5-ші Азия олимпиадасы, Ханой, Вьетнам — мақтау қағазы;
Шілде 2004 — 35-ші Халықаралық физика олимпиадасы, Поханг, Оңтүстік Корея — қола медаль.

Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

2023 жылғы сәуір — қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор;
Мамыр 2021 — Сәуір 2023 — «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.Басқарма Төрағасының орынбасары (2021 жылғы шілдеден бастап);
Желтоқсан 2019 — Мамыр 2021 — «PlanetCare Management» ЖШС Инвестициялар және даму жөніндегі Бас директордың орынбасары;
Мамыр 2019 — Желтоқсан 2019 — «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Аға талдаушы / VP, Тікелей инвестициялар департаменті;
Қаңтар 2018 — Мамыр 2019 — «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді дамыту департаментінің Тау-кен активтерін дамыту секторының басшысы.

Казутин Николай Юрьевич


Директорлар Кеңесі мүшесі — «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі (8 655 561 жай (дауыс беретін) акция)

Туған күні: 1982 жылғы 28 қараша
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар Кеңесі құрамына алғаш сайланған күні:2022 жылғы 4 шілде
Директорлар Кеңесі құрамына ағымдағы сайланған күні: 2024 жылғы 30 сәуір
Акцияларға иелік ету: Иелік етпейді


Білімі:

2003 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.
Мамандығы: «Бухгалтерлік есеп және аудит».


Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

2022 жылғы ақпан — қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» АҚ, Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету мен тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор;
Қаңтар 2020 — ақпан 2022 — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары;
Қаңтар 2018 — қараша 2019 — «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ ішкі аудит қызметінің басшысы, Өскемен қ.;
Тамыз 2016 — қаңтар 2018 — «Көкшетау минералды сулары» АҚ кеңесшісі, Көкшетау қ.;
Наурыз 2006 — маусым 2016 — «Прайсуотерхаускуперс Такс Энд Эдвайзори» ЖШС Департаментінің аға менеджері, Алматы қ.

Бағдат Батырбекұлы Мусин


Директорлар Кеңесі мүшесі — «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы

Туған күні: 1983 жылғы 03 наурыз
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар Кеңесі құрамына алғаш сайланған күні:2024 жылғы 17 шілде
Директорлар Кеңесі құрамына ағымдағы сайланған күні: 2024 жылғы 17 шілде
Акцияларға иелік ету: Иелік етпейді


Білімі:

2000 — 2004 — С. Демирель атындағы университет, «Компьютерлік технологиялардың бағдарламалық пен аппараттық қамтамасыз етуі» мамандығы;
2004 — 2006 — Қазақ құқықтану және Халықаралық қатынастар институты, «Құқықтану» мамандығы.


Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

10.06.2024 — қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы;
02.09.2020 — 30.04.2024 — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
07.2020 — 09.2020 — Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі;
03.2020 — 07.2020 — ҚР Президентінің цифрландыру мен инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі;
2017 — 2018 — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасы;
2014 — 2016 — «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы.

Заика Дмитрий Александрович


Тәуелсіз директор

Туған күні: 1975 жылғы 27 сәуір
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар Кеңесі құрамына алғаш сайланған күні:2015 жылғы 30 маусым
Директорлар Кеңесі құрамына ағымдағы сайланған күні: 2024 жылғы 30 сәуір
Тәуелсіздік критерийлері: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келеді


Білімі:

2003 — 2005 — Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университеті, «Қаржы менеджменті» мамандығы, біліктілігі: экономист (үздік дипломмен);
1992 — 1998 — Алматы Энергетика және байланыс институты. Мамандығы: Радиотехника, біліктілігі: Радиоинженер.


Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

2011 — 2020 — «Химфарм» АҚ — тәуелсіз директор;
2012 — 2016 — «АЛТЕЛ» АҚ — тәуелсіз директор;
2015 — «Қазақтелеком» АҚ — тәуелсіз директор.

Артур Викторович Неупокоев


Тәуелсіз директор

Туған күні: 1967 жылғы 22 маусым
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар Кеңесі құрамына алғаш сайланған күні:2023 жылғы 19 шілде
Директорлар Кеңесі құрамына ағымдағы сайланған күні: 2024 жылғы 30 сәуір
Тәуелсіздік критерийлері: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келеді


Білімі:

1985 — 1992 — Қазақ политехникалық институты, мамандығы: металлургиялық процестерді физика-химиялық зерттеу.


Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

01.2018 — 11.2019 — «Қазақтелеком» АҚ, Корпоративтік бизнес дивизионының ірі клиенттерге сатулар департаменті директоры;
03.2006 — 12.2017 — «Қазақтелеком» АҚ, Корпоративтік сатулар дирекциясының Бас директордың орынбасары — Коммерциялық директоры.

Олжас
Тлеухабылұлы


Тәуелсіз директор

Туған күні: 1986 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар Кеңесі құрамына алғаш сайланған күні:2025 жылғы 14 қараша
Директорлар Кеңесі құрамына ағымдағы сайланған күні: 2025 жылғы 14 қараша
Тәуелсіздік критерийлері: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келеді


Білімі:

2017 — 2018 — Оксфорд университеті МВА;
2008 — 2009 — Лондон Императорлық колледжі MSc мұнай инженериясы (Болашақ); мемлекеттік басқару магистрі (MPA);
2004 — 2008 — Қазақстан-Британ техникалық университеті — мұнай инженериясы саласындағы ғылым бакалавры.


Соңғы бес жылда ұйымдардағы жұмыс орны мен атқаратын лауазымдары:

03/2023 — 03/2025 — BCG (Boston Consulting Group) Ташкент, Өзбекстан — басқарушылық кеңесші;
04/2022 — қазіргі уақытқа дейін — ByteAll Energy Норвегия/Қазақстан Серіктес;
08/2020 — 2022 — «Нафтогаз Барлау мен Өндіру» ҰАК Киев, Украина Коммерциялық жоспарлау мен портфельді басқару департаменті директоры;
10/2018 — 2022 — Shell Астана, Қазақстан Аға инженер-әзірлеуші;
09/2010 — 2017 — Eni Милан, Италия — Ақсай, Қазақстан Кен орындарын әзірлеу жөніндегі аға инженер.


5.4.5. Директорлардың тәуелсіздігі

А «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның талаптарына сәйкес Директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің саны 30%-дан кем болмауы тиіс. 2025 жылы бұл арақатынас «Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесінде 43%-ды құрады.

Тәуелсіз директор — Директорлар Кеңесінің мүшесі, ол:

  • осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғасы болып табылмайды және оның директорлар кеңесіне сайлауының алдындағы үш жыл ішінде осындай болған жоқ (осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директор лауазымында болу жағдайын қоспағанда);
  • осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғаларына қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайды;
  • осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның аффилирленген тұлғалары — ұйымдарының лауазымды тұлғаларына бағынышты қатынаспен байланыспаған және Директорлар Кеңесіне сайлауының алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғаларға бағынышты қатынаспен байланыспаған;
  • мемлекеттік қызметкер болып табылмайды;
  • осы акционерлік қоғамның органдарының отырыстарында акционер өкілі болып табылмайды және оның директорлар кеңесіне сайлауының алдындағы үш жыл ішінде осындай болған жоқ;
  • осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайды және оның директорлар кеңесіне сайлауының алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатыспаған.

Компанияның Директорлар Кеңесінің тәуелсіз директорлары 2025 жылы тәуелсіздік критерийлеріне толығымен сәйкес келді.

Толығырақ Компанияның https://sustainability.telecom.kz/?page_id=73 сайтындағы «Директорлар Кеңесінің тәуелсіздігі туралы декларация» құжатымен таныса алады. А


5.4.6. Мүдделер қақтығысын басқару

GRI 2-15

А «Қазақтелеком» АҚ-да Мүдделер қақтығысын реттеу саясаты қолданылады. Саясат мүдделер қақтығысының алдын алу, анықтау және реттеу тәртібін, мүдделер қақтығысы туындаған немесе оның ықтималдығы жағдайында Компания органдарының және/немесе тұлғаларының өзара іс-қимыл мен үйлестіру рәсімдерін айқындайды. А

2025 жылы Директорлар Кеңесі жұмысында мүдделер қақтығысы тіркелмеген.

43%

Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің үлесі

5.4.7. Директорлар Кеңесінің қызметі

2025 жылы Директорлар Кеңесінің отырыстары қолданыстағы бейнеконференция өткізу платформаларын пайдалана отырып, онлайн форматта өткізілді.

Жыл бойы Директорлар Кеңесінің 23 отырысы өткізілді, оларда 96 мәселе қаралды. 2025 жылы Директорлар Кеңесінің негізгі шешімдері:

  • «Қазақтелеком» АҚ-ның Корпоративтік есеп саясаты бекітілді;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның 2026 жылға арналған инвестициялық қызмет параметрлері бекітілді;
  • CASPINET B.V., «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының мобильді операторларының кейбір мәселелері, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ-ның Даму жоспарын іске асыру қаралды.

Директорлар Кеңесі Басқарманы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, стратегиялық жобаларды іске асыру, тәуекелдерді басқару, Стратегияны орындау мен мобильді операторлар қызметі мәселелері бойынша тұрақты түрде тыңдады.

81-кесте. Директорлар Кеңесінің отырыстары

Директорлар кеңесінің мүшелері № 1 17.01.25 № 2 22.01.25 № 3 27.01.25 № 4 25.02.25 № 5 18.03.25 № 6 31.03.25 № 7 25.04.25 № 8 05.05.25 № 9 30.05.25 № 10 04.06.25 № 11 22.07.25 № 12 28.08.25 № 13 29.08.25 № 14 18.09.25 № 15 26.09.25 № 16 30.09.25 № 17 03.11.25 № 18 14.11.25 № 19 19.11.25 № 20 24.11.25 № 21 05.12.25 № 22 12.12.25 № 23 26.12.25 Қатысу %
Байдәулетов Н. Т. + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100%
Казутин Н. Ю. + + + − + − + + + + − + + + + + + + + + + + + 87%
Тлеухабылұлы О. + − + + + + 80%*
Абдуалиев А. К. + + + + + + + + − − + + + 84,6%
Заика Д. А. + + + + + + + + + + + − − + + + + + − + + + + 87%
Неупокоев А. В. + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100%
Отыншиев Е. М. + + + + + + + + − + + + + + + + − + + + − + + 87%
Мусин Б.Б. + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + + 100%

* Тлеухабылұлы О. үшін 14.11.2025 ж. сайлаудан кейінгі отырыстардың 80%-ы.

5.4.8. Директорлар Кеңесінің қызметін бағалау

GRI 2-18

А «Қазақтелеком» АҚ-да Директорлар Кеңесі мен оның комитеттерінің, Директорлар Кеңесі мүшелері мен Корпоративтік хатшының қызметін бағалау қағидалары қолданылады. Осы құжатқа сәйкес Директорлар Кеңесін бағалау жылына бір рет ДК өз күшімен және үш жылда бір реттен сирек емес — тәуелсіз кеңесшілерді тарта отырып жүргізіледі. А

2025 жылы бағалауды PricewaterhouseCoopers кеңесшілері жүргізді. Диагностика «Самұрық-Қазына» Қорының Әдіснамасы мен Корпоративтік басқару кодексі негізінде, сондай-ақ халықаралық танылған тәжірибелерді (ЭЫДҰ, Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексі) ескере отырып жүргізілді.

PwC тәуелсіз кеңесшілері Директорлар Кеңесінің тиімділік бағасын BBB деңгейінде растады, бұл 2021 жылғы жоғары бағаға сәйкес келеді. Диагностика комитеттер жұмысының тиімділігінің артуын, негізгі мәселелерді пысықтауды, стратегиялық шешімдерді іске асыруды бақылауды күшейтуді және Директорлар Кеңесі құрамының жаңартылуын атап өтті.

BBB

рейтингі

Директорлар кеңесінің тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша тиімділік көрсеткіші


5.4.9. Директор­лар Кеңесінің комитеттері

GRI 2-9

Директорлар Кеңесі жанында 2025 жылы үш комитет жұмыс істеді: аудит және тұрақты даму бойынша, кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер бойынша, стратегиялық жоспарлау бойынша.

Аудит және тұрақты даму жөніндегі комитет

GRI 2-9, 2-13

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесінің Аудит комитеті 2006 жылы Директорлар Кеңесінің шешімімен құрылды. 2022 жылғы шілдеде Директорлар Кеңесінің шешімімен Аудит комитеті Аудит және тұрақты даму комитеті болып қайта аталды және Директорлар Кеңесінің 19.07.2022 ж. шешімімен бекітілген Комитет туралы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

2025 жылғы Комитет құрамы:

  • Абдуалиев Асет Куандыкович (29 тамызға дейінгі Комитет Төрағасы),
  • Тлеухабылұлы Олжас (2025 жылғы 5 желтоқсаннан Комитет Төрағасы),
  • Заика Дмитрий Александрович,
  • Неупокоев Артур Викторович.

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Аудит және тұрақты даму комитеті толығымен Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көзделген директорлардың тәуелсіздігін тану критерийлеріне сәйкес келетін тәуелсіз директорлардан тұрады.

Комитет туралы ережеге сәйкес Комитет Төрағасы күн тәртібі мәселелері бойынша ақпарат ұсыну үшін отырыстарға шақырды:

  • Директорлар Кеңесі мүшелерін,
  • Ішкі аудит қызметі мен Комплаенс қызметі басшыларын;
  • «Эрнст энд Янг» ЖШС сыртқы аудиторының өкілдерін;
  • Компания қызметкерлерін (топ-менеджмент, құрылымдық бөлімшелер басшылары, мамандар) және еншілес ұйымдар қызметкерлерін.

Комитет ол туралы ереженің 16-тармағына сәйкес тоқсанына бір реттен кем емес мерзімде тұрақты күндізгі отырыстар, ал қажет болған шамасы — кезектен тыс отырыстар өткізеді. Комитеттің 2025 жылға арналған Жұмыс жоспарында Комитет құзыретіне жатқызылған мәселелерді көрсете отырып, 4 тоқсанның әрқайсысында отырыстар көзделген.

2025 жылы Комитет 9 отырыс өткізді, оларда 29 мәселе қаралды және Компанияның Директорлар Кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді, олардың арасында Ішкі аудит қызметінің, Комплаенс қызметінің қызметі, ішкі бақылау мен тәуекелдер, қаржылық есептілік, сыртқы аудит және басқа да маңызды мәселелер.

Комитет 2025 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істеді. Комитет мүшелері оның әрбір отырысына белсенді қатысты және олардың қызметі жеткілікті тиімді болды.

Комитет өз жұмысында «Қазақтелеком» АҚ Жарғысын, Компанияның Корпоративтік басқару кодексін, Комитет туралы ережені бұлжытпай басшылыққа алды.

Комитет пен оның мүшелері міндеттерді орындау кезінде Компания мүддесінде, адал әрі ақылды әрекет етті. Комитет Компанияның Корпоративтік басқару кодексімен, Комитет туралы ережемен, Директорлар Кеңесінің тапсырмаларымен, сондай-ақ Комитеттің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен ол үшін белгіленген мақсаттарды, міндеттер мен функционалдық міндеттерді орындады.

82-кесте. 2025 жылы Комитет отырыстарына қатысу

Комитет мүшелері № 1 25.02 № 2 20.03 № 3 23.04 № 4 28.05 № 5 18.07 № 6 28.08 № 7 03.11 № 8 04.12 № 9 12.12 Қатысу %
Абдуалиев А.К. + + + - + + 83,3%
Заика Д.А. + + + + + - + + + 88,9%
Неупокоев А.В. + + + + + + + + + 100%
Тлеухабылұлы О. + 100%*

* Тлеухабылұлы О. үшін Комитет құрамына енгеннен кейінгі отырыстардың 100%-ы.

Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер комитеті

GRI 2-20

А Директорлар Кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер комитеті 2015 жылы «Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен құрылды.

Өз қызметінде Комитет толығымен Директорлар Кеңесіне есеп береді және Директорлар Кеңесінің 2015 жылғы 18.03 № 2 хаттамалы шешімімен бекітілген «Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер комитеті туралы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. А

2025 жылғы «Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесінің Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер комитетінің құрамы:

  • Заика Дмитрий Александрович (Комитет Төрағасы),
  • Абдуалиев Әсет Қуандықұлы (29.08.2025 ж. ДК құрамынан шықты),
  • Неупокоев Артур Викторович,
  • Отыншиев Елжас Мұратұлы.

А Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер комитеті туралы ережеге сәйкес Комитет Төрағасы баяндамашылар, бақылаушылар ретінде, сондай-ақ күн тәртібі мәселелері бойынша ақпарат ұсыну үшін отырыстарға шақырды:

  • Директорлар Кеңесі мүшелерін;
  • Компания қызметкерлерін (топ-менеджмент, құрылымдық бөлімшелер басшылары, мамандар);
  • Басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесіне сәйкес басшы лауазымдарға үміткерлерді.

Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер комитеті 2025 жылы 13 күндізгі отырыс өткізді, оларда 28 мәселе қаралып, олар бойынша Компанияның Директорлар Кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді. Бұл, атап айтқанда, әлеуметтік сипаттағы мәселелер, Орталық аппарат құрылымының өзгерістері, қызметкерлерді Компания Басқармасының құрамына сайлау, еншілес ұйымдардың бірінші басшылары лауазымдарына тағайындау, басшы қызметкерлерге ҚТК бекіту, еңбекақы төлеу, персоналды басқару және басқа да мәселелер.  А

Комитет 2025 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істеді. Комитет мүшелері оның әрбір отырысына белсенді қатысты және олардың қызметі жеткілікті тиімді болды.

Бұл Комитет пен оның мүшелері міндеттерді орындау кезінде Компания мүддесінде, адал әрі ақылды әрекет етті.

2025 жылы Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер комитеті Компанияның Корпоративтік басқару кодексімен, Тағайындау мен сыйақы беру жөніндегі комитет туралы ережемен, Компания Директорлар Кеңесінің шешімдері мен тапсырмаларымен, сондай-ақ Комитеттің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен Комитет үшін белгіленген мақсаттарды, міндеттер мен функционалдық міндеттерді орындады.

83-кесте. 2025 жылы Кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер комитетінің отырыстарына қатысу

Комитет мүшелері № 1 27.01 № 2 19.02 № 3 18.03 № 4 20.03 № 5 23.04 № 6 05.05 № 7 29.05 № 8 18.07 № 9 28.08 № 10 18.09 № 11 30.09 № 12 03.11 № 13 04.12 Қатысу %
Заика Д.А. + + + + + + + + - + + + + 92,3%
Абдуалиев А.К. + - + + + + - + + 77,8%
Неупокоев А.В. + + + + + + + + + + + + + 100%
Отыншиев Е.М. + - - - - + + + + + + + + 69,2%

Стратегиялық жоспарлау комитеті

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитеті 2010 жылы Директорлар Кеңесінің шешімімен құрылды. Стратегиялық жоспарлау комитеті Директорлар Кеңесінің кеңесу-консультативтік органы болып табылады және Директорлар Кеңесінің 19.11.2010 ж. шешімімен бекітілген Стратегиялық жоспарлау комитеті туралы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

2025 жылғы «Қазақтелеком» АҚ Директорлар Кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамы:

  • Неупокоев Артур Викторович (Комитет Төрағасы),
  • Абдуалиев Әсет Қуандықұлы (29.08.2025 ж. ДК құрамынан шықты),
  • Заика Дмитрий Александрович,
  • Тлеухабылұлы Олжас (05.12.2025 ж. бастап),
  • сондай-ақ дауыс беру құқығы жоқ сарапшылар Құдайбергенов Рахметолла Әнуарбекұлы (05.12.2025 ж. бастап) және Мұқанова Алмагүл Өмірзаққызы («Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері).

Комитет Төрағасы бақылаушылар, баяндамашылар ретінде, сондай-ақ күн тәртібі мәселелері бойынша ақпарат ұсыну үшін отырыстарға шақырды:

  • Басқарма мүшелерін;
  • Компанияның, сондай-ақ еншілес ұйымдардың басшы және өзге де қызметкерлерін;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдерін.

Стратегиялық жоспарлау комитеті ол туралы ереженің 15-тармағына сәйкес Комитет шешімімен бекітілген жыл сайынғы жоспар бойынша, бірақ тоқсанда бір реттен сирек емес отырыстар, ал қажет болған шамасы — кезектен тыс отырыстар өткізеді.

Стратегиялық жоспарлау комитеті 2025 жылы 13 күндізгі отырыс өткізді, оларда 21 мәселе қаралып, олар бойынша Компанияның Директорлар Кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді. Бұл стратегия, бизнес-жоспарлау, стратегиялық жобалар мәселелері және Компания қызметінің басқа да маңызды мәселелері.

Комитет 2025 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істеді. Комитет мүшелері оның әрбір отырысына белсенді қатысты және олардың қызметі жеткілікті тиімді болды.

Бұл Комитет пен оның мүшелері міндеттерді орындау кезінде Компания мүддесінде, адал әрі ақылды әрекет етті.

Комитет Компанияның қызметінің ұзақ мерзімді перспективада тиімділігін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу мәселелерін қоса алғанда, Компания қызметінің басым бағыттарын және оның даму стратегиясын айқын­дау мәселелері бойынша Компанияның Директорлар Кеңесіне ұсынымдарды айқындау мен ұсыну жөніндегі міндеттерді толық көлемде шешеді.

2025 жылы Стратегиялық жоспарлау комитеті Стратегиялық жоспарлау комитеті туралы ережемен, Компания Директорлар Кеңесінің шешімдерімен, Директорлар Кеңесінің тапсырмаларымен, сондай-ақ Комитеттің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен белгіленген мақсаттарды, міндеттер мен функционалдық міндеттерді орындады.

84-кесте. 2025 жылы Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырыстарына қатысу

Комитет мүшелері № 1 22.01 № 2 19.02 № 3 18.03 № 4 20.03 № 5 31.03 № 6 17.07 № 7 21.07 № 8 28.08 № 9 18.09 № 10 03.11 № 11 14.11 № 12 24.11 № 13 26.12 Қатысу %
Неупокоев А.В. + + + + + + + + + + + + + 100%
Абдуалиев А.К. + - + + + - + + 75%
Заика Д.А. + + + + + + + - + + + + - 84,6%
Тлеухабылұлы О. + 100%*

* Тлеухабылұлы О. үшін 05.12.2025 ж. бастап Комитет құрамына енгеннен кейінгі отырыстардың 100%-ы.

5.4.10. Директорлар Кеңесі мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру

GRI 2-17

А Компанияда Директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды тарту бойынша Саясат қолданылады. Ол Директорлар Кеңесі мүшелерінің дағдыларын дамыту мен біліктілігін арттыру жүйесін енгізу және Директорлар Кеңесі қарайтын мәселелер сыртқы кәсіби әрі тәуелсіз сараптаманы талап еткен жағдайда сыртқы сарапшыларды тартуға олардың құқығын іске асыру арқылы Директорлар Кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесін ескере отырып әзірленген.

2025 жылы Директорлар Кеңесі мүшелерін оқыту жүргізілмеді. А 2026 жылы ESG мәселелері бойынша ДК мүшелерін оқыту жүргізу жоспарланған.

2025 жылғы желтоқсанда Компанияның барлық қызметкерлеріне «Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі» тақырыбында оқыту тренингі өткізілді. Сондай-ақ басқару органдары мен атқарушы орган мүшелеріне комплаенс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тақырыптық оқу сессиялары өткізілді, Хатшылық қызметкерлерінің Орталық Азия корпоративтік хатшылар қауымдастығы (ОАКХҚ) өткізетін корпоративтік хатшыларды сертификаттау Бағдарламасына қатысуы қабылданды. Осы Бағдарламада корпоративтік басқару тарихы, қызметтің заңнамалық негіздері, корпоративтік мәдениет пен этика мәселелері және басқа да мәселелер қаралды.


5.4.11. Директорлар Кеңесінің сыйақысы

GRI 2-19

А «Қазақтелеком» АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының 12.08.2021 ж. шешіміне сәйкес тәуелсіз директорға тіркелген жылдық сыйақы және Директорлар Кеңесі комитеттеріндегі мүшелік/төрағалық үшін қосымша сыйақы төленеді:

  • Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге — тіркелген жылдық сыйақы 45 000 (қырық бес мың) АҚШ доллары мөлшерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті аударымдарды ұстағаннан кейін Компанияның Директорлар Кеңесі комитеттеріндегі мүшелік/төрағалық үшін қосымша сыйақы 11 000 (он бір мың) АҚШ доллары мөлшерінде;
  • Қазақстан Республикасының резиденттеріне — тіркелген жылдық сыйақы 16 650 000 (он алты миллион алты жүз елу мың) теңге мөлшерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті аударымдарды ұстағаннан кейін Компанияның Директорлар Кеңесі комитеттеріндегі мүшелік/төрағалық үшін қосымша сыйақы 4 000 000 (төрт миллион) теңге мөлшерінде. А

Компанияның резиденттер — Директорлар Кеңесі мүшелеріне 2025 жыл үшін төлеген жиынтық сыйақысы 59 993 478 теңгені құрайды. Компанияның резиденттер еместер — Директорлар Кеңесі мүшелеріне 2025 жыл үшін төлеген жиынтық сыйақысы 37 130 АҚШ долларын құрайды. Компанияның Директорлар Кеңесі мүшелеріне 2025 жыл үшін төлеген жалпы жиынтық сыйақысы 79 132 078 теңгені құрайды.