Қаңтар
«Қазақтелеком» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100%-ын PIH Communication LLC компаниясына сату мәмілесін аяқтады.
«Қазақтелеком» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100%-ын PIH Communication LLC компаниясына сату мәмілесін аяқтады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайын бақылауға арналған «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы ұсынылды.
531 мектепті GPON технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қосу жобасы іске асырылды.
China Mobile International Limited-пен «Hand in Hand» бағдарламасын іске асыру туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Директорлар Кеңесі мүшелерінің қатысуымен стратегиялық даму мәселелері бойынша стратегиялық сессия өткізілді.
«Қазақтелеком» АҚ мен ICANN арасында түбірлік DNS-сервердің инстансын (L.ROOT) Қоғам желісіне орналастыру туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Интернет-қызметтер сапасын жақсарту және
жабдықтарын жаңарту бойынша SAPA+ жобасының белсенді кезеңі аяқталды.
«ВымпелКом» ААҚ-пен бизнесті дамыту және байланыс желілерін жаңғырту бойынша меморандумға қол қойылды.
Компания SAPA+QUEST HR-жобасы үшін Employer Brand Eurasia халықаралық сыйлығын алды.
Компания PGL Astana 2025 Counter-Strike 2 бойынша халықаралық турнирінің техникалық серіктесі болды.
Орталық Азиядағы алғашқы NVIDIA H200 GPU негізіндегі коммерциялық егемен AI-фабриканы іске қосу жарияланды.
3 000-нан астам ауылдық елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетке қосу туралы инвестициялық келісімге қол қойылды.
«Қазақтелеком» АҚ «ТМД кеңістігіндегі өңірлік телекоммуникациялық оператор» номинациясында CC Global Awards 2025 лауреаты атанды; марапаттау рәсімі Берлинде Carrier Community Global 2025 форумы аясында өтті.
XGS-PON технологиясы негізінде жылдамдығы 10 Гбит/с-қа дейін жететін жаңа буын интернетін іске қосу жарияланды.
«Қазақтелеком» АҚ Mobile World Congress Shanghai 2025 алаңында «One Growth, Together for a Shared Future» жаһандық серіктестік конференциясы аясында берілген China Telecom Global Limited компаниясының «Best Network Partner» халықаралық сыйлығына ие болды.
Орман өрттерін ерте анықтауға арналған ұлттық AI-жүйе ұсынылды.
«Қазақтелеком» АҚ БҰҰ Жаһандық шартына (UN Global Compact) қосылды.
«Қазақстан — Әзірбайжан» транскаспий су астындағы ТОБЖ салу жобасы бойынша теңіздегі іздестіру жұмыстары басталды.
Amazon Kuiper-мен корпоративтік келісімге қол қойылды, оның шеңберінде Компания Қазақстандағы сервистің эксклюзивті коммерциялық дистрибьюторы болды.
Жасанды интеллектінің ұлттық инфрақұрылымын дамыту үшін AI-Farabium AI-кластерін іске қосу жарияланды.
Алматы қаласындағы ДӨО-да WIDE Project, JPRS және APNIC-пен бірлесіп M-Root түбірлік DNS-сервер инстансы орнатылды; DNS-инфрақұрылымды дамыту бойынша халықаралық ынтымақтастық шеңберінде MoU-ға қол қойылды.
Starlink Kazakhstan LLP-мен қызметтер көрсету туралы бас келісімге қол қойылды.
АҚБО AntiDDoS кешенімен абоненттің инфрақұрылымына жасалған ірі DDoS-шабуыл (шыңы 400 Гбит/с) тіркелді және тойтарылды.
Tier-I upstream-провайдер Arelion Sweden AB-мен үлгілік келісімге қол қойылды.
China Telecom Global Limited-пен IRU бас келісіміне қол қойылды.
China Unicom (Hong Kong) Operations Limited-пен трансшекаралық байланыс жүйесін салу бойынша меморандумға қол қойылды.
«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда («Самұрық-Қазына» АҚ Кодексіне сәйкес, тәуелсіз директорлар, гендерлік теңгерім бойынша және ESG интеграциясы бойынша нормаларды күшейте отырып) бекітілді.