«Қазақтелеком» АҚ компаниясын құру.
«Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының өсу тарихы
1994
1995
-
Халықаралық Трансазия-еуропалық талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТАЕ ТОБЖ) қазақстандық учаскесін салу.
1996
-
TLX.25 Turbo телекс станциясын іске қосу.
1997
-
Компанияның Қазақстан қор биржасында листингі.
1998
-
Шалғай елді мекендерде телефон қызметтерін көрсетуге арналған спутниктік байланыс жүйесін іске қосу.
1999
-
Kazakhstan Online сауда маркасымен Деректер беру ұлттық желісін құру және ADSL, HDSL, FrameRelay, Dial-up технологиялары арқылы интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін іске қосу.
-
Алматыдағы алғашқы Халықаралық коммутация орталығын (ХКО) пайдалануға беру.
2000
-
ATM технологиясын енгізу.
2001
-
IT-қызметтерді көрсететін Internet Data Center (IDC) кәсіпорнын құру.
2002
-
Ұлттық Зияткерлік желіні іске қосу.
-
«Ресей-Қазақстан» талшықты-оптикалық желілік өтуін пайдалануға қабылдау.
2003
-
«Қазақтелеком» АҚ басқарудың сапасы мен тиімділігі үшін «International gold medal award» халықаралық құрметті марапатының иегері атанды.
-
Қазақстан астанасында сандық телефон станцияларына көшу аяқталды.
2004
-
Компанияны ашық акционерлік қоғамнан (ААҚ) акционерлік қоғамға (АҚ) қайта тіркеу.
2005
-
DPT технологиясы негізінде жаңа деректер беру желісін салу және ADSL технологиясы негізіндегі «Megaline» Интернет желісіне кең жолақты қол жеткізу қызметтерін іске қосу.
2006
-
АКТ-ны жеке бағытқа бөлу (Ақпараттық жүйелер дирекциясы).
2007
-
«Қазақтелеком» АҚ тіркелген байланыс қызметтерінің Қазақстан аумағында 100% таралуын қамтамасыз етті.
2008
-
Сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) енгізу жобасын іске асыру және Теңгерімді көрсеткіштер ақпараттық жүйесін пайдалануға қабылдау.
2009
-
ID TV брендімен IPTV қызметтерін іске қосу.
-
IP протоколы негізіндегі телефон желісіне қол жеткізу қызметтері (SIP платформасы) іске қосылды.
2010
-
«Инфокоммуникациялық технологиялар академиясы» дирекциясының ашылуы.
-
«Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық желілерін Next Generation Network (NGN) технологияларына көшіру жобасының аяқталуы.
2011
-
10Gbps технологияларына көшу.
-
FTTH (Fiber to the Home) әмбебап талшықты-оптикалық қол жеткізу желісін салу бойынша стратегиялық жобаның басталуы.
2012
-
«Кселл» АҚ акцияларының 49%-ын TeliaSonera компаниясына сату.
-
Hewlett-Packard компаниясымен бірге әзірленген ТМД-дағы ең ірі Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) презентациясы.
-
Алматы мен Астанада LTE желісін іске қосу.
-
Астанада Google компаниясының алғашқы трафикті оқшаулау серверлерін іске қосу.
2013
-
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның бес еншілес ұйымдарында жүргізілген корпоративтік басқаруды тәуелсіз диагностикалау нәтижелері бойынша Компания 2013 жылы Қор еншілес компаниялары арасында корпоративтік басқару рейтингінің деңгейі бойынша көшбасшы болып танылды.
2014
-
Қазақстанның барлық облыс орталықтарында LTE желісін іске қосу (Altel еншілес компаниясы базасында).
-
100 Gbps лямбдаларды қолдайтын жаңа буын магистральдық когерентті желісін іске қосу DWDM жаңа буын.
2015
-
«Қазақтелеком» АҚ тіркелген дауыстық байланыс желілерін цифрландырды.
-
100Gbps технологиясына көшу.
2016
-
Ұялы байланыс нарығында Altel/Tele2 бірлескен кәсіпорнын құру.
-
China mobile-мен бірлесіп Еуропа — Оңтүстік-Шығыс Азия транзиттік маршрутын ұйымдастыру бойынша Dream жобасын іске асыру.
2017
-
Желілерді басқарудың Бірыңғай орталығын құру.
-
Бұлттық бейнебақылаудың бірыңғай жүйесін іске қосу.
2018
-
«Кселл» АҚ акцияларының 75%-ын сатып алу.
-
МЖӘ механизмі бойынша 1249 ауылдық елді мекенде ТОБЖ салу жобасы бекітіліп, басталды.
2019
-
Smart Aqkol жобасын іске асыру.
-
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 5G тестілеу.
-
Бірлескен кәсіпорындағы Tele2 AB үлесінің 49%-ын сатып алу.
-
«Қазақтелеком» АҚ TMT M&A Awards 2019 жыл сайынғы халықаралық сыйлығында «Жылдың мәмілесі» номинациясының жеңімпазы атанды.
-
IoT желісін іске қосу.
2020
-
828 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жоба «ТОБЖ АЕМ» аяқталды.
-
Халқы 250 адамнан асатын 928 ауылдық елді мекенді жоғары жылдамдықты мобильді интернет және байланыспен қамтамасыз ету жобасы аяқталды.
-
Темекі бұйымдарын таңбалау қызметі іске қосылды.
-
Желілік инфрақұрылымды виртуализациялаумен Telco Cloud жаңа желілік архитектурасын іске қосу.
2021
-
Қала жекеменшік секторы тұрғындары мен жақын маңдағы ауылдарды Fixed Wireless Access технологиясы бойынша телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз ету жобасын іске қосу.
-
«Қазақтелеком» АҚ өзінің мультиплатформалық TV+ телевизиялық сервисін іске қосты.
-
Ауылдарда eQoldau қоғамдық қол жеткізу пункттері желісін құру жобасын іске қосу.
-
«Қазақтелеком» АҚ желісіне ұялы операторлардың қосылымдарын кеңейту есебінен Қазақстан Ookla Speedtest Global Index ұялы интернет жылдамдығы рейтингінде көтерілді.
-
«Қазақтелеком» АҚ жаңа буын қызметі — eSIM-ді іске қосты.
-
«Қазақтелеком» АҚ Ismet.kz бизнес-маркетплейсінің пайдаланушылары саны 7 есеге — 60 мыңға дейін өсті.
2022
-
Клиенттерді ескірген мыс технологияларынан (ADSL) «оптикаға» көшіру жобасын іске асыру.
-
Қалалардың тұрғындарын ең заманауи GPON технологиясы бойынша телеком-қызметтерімен қамтамасыз ету жобасын іске асыру.
-
Курчатов Қазақстандағы «Қазақтелеком» АҚ толығымен оптикалық желілерге көшірген алғашқы моноқала болды.
-
Астанадағы көрмеде «Қазақтелеком» АҚ Open RAN технологиясын ұсынды.
-
«Қазақтелеком» АҚ өз желісінде К-root DNS-сервер «айнасын» өрістетті.
-
«Қазақтелеком» АҚ сандық таланттарды дамыту үшін өзінің Корпоративтік университетін ашты.
2023
-
ҚР-да 5G өрістету бойынша ауқымды әрі ел үшін маңызды жобаны іске асырудың басталуы.
-
Каспий түбі арқылы «AzerTelecom»-мен кооперацияда «Қазақстан-Әзірбайжан» маршруты бойынша ТОБЖ салудың халықаралық жобасы шеңберінде 2023 жылғы 22 тамызда Нидерландыдағы Сауда палатасында «Қазақтелеком» АҚ-ның 50% иелену үлесімен «CASPINET B.V.» бірлескен кәсіпорны тіркелді.
-
«Қазақтелеком» АҚ мен Microsoft Microsoft қызметтері мен сервистеріне қазақстандық клиенттердің қолжетімділігін жақсарту үшін өз жүйелері арасында Франкфуртте тікелей пирингті орнату жобасын аяқтады.
-
Гонконгтегі Amazon Web Services автономды жүйесімен пирингтік қосылым кеңейтілді.
-
Алматыдағы модульдік деректер орталығында 84 қосымша сөре-орын енгізілді.
-
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы мен халықаралық INSEAD бизнес-мектебі өздерінің Жаһандық инновациялық индексінде «Қазақтелеком» АҚ-ны жаһандық бренд құны бойынша көшбасшы деп таныды;
-
«Қазақтелеком» АҚ инфрақұрылымында PUBG MOBILE жергілікті серверлері іске қосылды.
2024
-
Халықаралық беделді ұйымдар Global CIO мен DAMA International «Қазақтелеком» АҚ-ның «Деректер фабрикасы» жобасын телекоммуникация саласындағы үздік IT-жоба деп таныды.
-
«Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін 1 млрд теңге аударды.
-
«Қазақтелеком» АҚ қазақстандықтардың интернет сапасын түбегейлі жақсарту бойынша ауқымды «Sapa+» жобасын іске қосты, оның шеңберінде ол өзінің клиенттерінде республика бойынша шамамен 300 мың жаңа және заманауи роутер орнатты.
-
«Тазарту» жобасы бойынша «Қазақтелеком» АҚ ескірген ADSL мыс технологияларынан заманауи GPON оптикаларына ел бойынша 70 мыңнан астам клиентті көшірді.
-
«Қазақтелеком» АҚ синергия, креатив және стартаптардың және венчурлық инвесторлармен кездесулердің жаңа алаңы — Activation Hub инновациялық орталығын ашты.
-
«Қазақтелеком» АҚ LAM-модельдерді қолдана отырып, оның ішінде дауыстық командаларды пайдаланып квадрокоптерді пилоттау бойынша тесттер сериясын іске қосты.
-
«Қазақтелеком» АҚ еншілесі — «Ауылтелеком» республика ауылдық елді мекендерінде сымсыз инфрақұрылым салуда.
-
«Қазақтелеком» АҚ Атырау облысының 200-ден астам мектебін бейнебақылау жүйесіне қосты.
-
«Қазақтелеком» АҚ Mobile Backhaul жобасы шеңберінде республиканың 12 қаласында бірден 5G базалық станциялары үшін «оптика» тартып, 2024 жылды ҚР-да бесінші байланыс технологиясын өрістету мегажобасы бойынша лицензиялық міндеттемелерді орындаумен аяқтады.
-
«Қазақтелеком» АҚ-ның «TV+» интерактивті теледидары жыл қорытындысы бойынша 800 мың пайдаланушы белгісінен асып түсті.
-
Speedtest Global Index сервисі интернеті ең жылдам елдер рейтингін жариялады және ұялы интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан орташа жүктеу жылдамдығы 53,76 Мбит/с-пен 57-орынды, ал тіркелген кең жолақты интернетке қол жеткізу жылдамдығы бойынша 73,67 Мбит/с-пен 88-орынды иеленді.
-
«Қазақтелеком» АҚ Франкфурт пен Гонконгте PoP-түйіндерін құру жұмыстарын аяқтап, мынадай компаниялармен: Google, Meta, Amazon, Apple, Netflix, Valve, Microsoft, Telegram, Tencent, Twitch және басқалары пирингті ұйымдастырды.
-
DDoS-шабуылдардан, NG Firewall, VAW периметрлік қорғаныс жүйесін салу аяқталды.
-
NVIDIA H200 негізінде есептеу қуаты 26,8 PFLOPS (FP64) дейін және 1,5 EFLOPS (FP8) астам жоғары өнімді Al-Farabium GPU-кластері пайдалануға берілді, ол суперкомпьютерлердің TOP-500 халықаралық рейтингінде 103-орынды иеленді.
-
Халықаралық контент-провайдерлердің (VK, Valve, Yandex, Rutube, Baishan, Wangsu) кэш-серверлерінің инфрақұрылымы кеңейтілді, бұл интернет-трафиктің оқшаулауын арттыруға және пайдаланушылар үшін желілік кідірістерді азайтуға мүмкіндік берді.
-
Amazon Kuiper-мен төмен орбиталық спутниктік байланысты дамыту және Қазақстанда жерүсті инфрақұрылымын орналастыру бойынша Master Service Agreement және эксклюзивті дистрибьюторлық шартқа қол қойылды.
-
Әртүрлі өндірушілер жабдықтарының бірыңғай желіде интеграциялану мүмкіндігін растайтын VOLTHA ашық архитектурасы негізіндегі оптикалық қол жеткізу желісінің MVP-жобасы іске асырылды.
-
Жабдықтардың үйлесімділігін қамтамасыз етуге және вендорлардан тәуелділікті азайтуға бағытталған меншікті OpenOMCI платформасын әзірлеудің бірінші кезеңі аяқталды.
-
Ақтау — Сумгаит маршруты бойынша су астындағы талшықты-оптикалық байланыс желісін салудың стратегиялық жобасын іске асыру жалғасты; инженерлік және теңіздегі іздестірулердің негізгі кезеңдері аяқталды.
-
630 мың отбасы жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік алды.
-
«Тазарту» жобасы шеңберінде мыс инфрақұрылымынан заманауи GPON оптикалық желілеріне 77 598 абонент көшірілді.
-
SAPA+ жобасы шеңберінде пайдаланушы жабдықтарын жаңғырту және 400 мыңнан астам заманауи роутерді тегін ауыстыру есебінен 387 502 клиенттің интернет-қосылым сапасы жақсартылды.
-
Көппәтерлі және жекеменшік сектордағы 92 мыңнан астам жаңа абонентті жоғары жылдамдықты интернетке қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
-
2 991 ауылдық елді мекен мен шекара маңы аумақтарын қосуды көздейтін «Қазақстан Республикасын Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қол жеткізумен қамтамасыз ету» ұлттық жобасын іске асыруға старт берілді.
-
Ел бойынша 524 білім беру мекемесі интернетке жоғары жылдамдықты қол жеткізумен қамтамасыз етілді.
-
Жасанды интеллект шешімдерін қолдану кеңейтілді, оның ішінде бейнеаналитика платформаларын дамыту және білім беру ортасының қауіпсіздігін арттыру үшін AI-Mektep жобасын ауқымдау.
-
Алматы қаласындағы дата-орталықта M-Root түбірлік DNS-сервер инстансы орнатылды, бұл өңірдің интернет-инфрақұрылымының орнықтылығын арттырды.
-
AntiDDoS жүйесімен абоненттің инфрақұрылымына жасалған ірі DDoS-шабуыл шыңы 400 Гбит/с көлемімен тойтарылды.
-
«ТМД кеңістігіндегі өңірлік телекоммуникациялық оператор» номинациясында CC Global Awards 2025 халықаралық сыйлығы алынды.
-
Тәуелсіз директорларға, гендерлік теңгерімге және ESG-тәсілдер интеграциясына қойылатын талаптарды күшейтіп, Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.
-
S&P Global халықаралық бағалау қорытындысы бойынша орташасалалық мәндерден асатын 51 балл деңгейіндегі ESG-көрсеткішке қол жеткізілді.
-
Starlink, China Telecom Global Limited, China Mobile International Limited, China Unicom (Hong Kong) Operations Limited, Arelion Sweden AB және «ВымпелКом» ЖАҚ-пен ынтымақтастық туралы бірқатар халықаралық келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.