BB
Болжам – «Тұрақты»
S&P Global Ratings
GRI 2-6
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Топтың негізгі қаржылық көрсеткіштері оң серпінді көрсетті. «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы бойынша қызметтерді өткізуден түскен шоғырландырылған кірістер 2025 жыл үшін 587 223 млн теңгені құрап, жоспарлы мәндерден асып түсті, бұл қызметтерге тұрақты сұранысты және коммерциялық стратегия тиімділігін көрсетеді.
587 223
+3%млн теңге
2025 жылғы «Қазақтелеком» АҚ Компаниялар тобы бойынша қызметтерді өткізуден шоғырландырылған кіріс
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Топ операциялық шығындарды бақылауды қамтамасыз етті, бұл ретте нақты шығыстар жоспарлы мәндерден 2,6%-ға төмен болды. Шығыстарды бақылау EBITDA-ның 10,8%-ға, 182,9 млрд теңгеге дейін өсуіне ықпал етті. Таза пайда 147 млрд теңгені құрады, бұл бір реттік әсерлерді ескерместен де бизнестің жүйелі табыстылығын куәландырады. Ресурстарды тиімді пайдаланудың арқасында тартылған капитал рентабельділігі шамамен үш есеге өсіп, 16%-ға жетті. EBITDA маржиналдылығы 31,15%-ды құрады.
BB
Болжам – «Тұрақты»
S&P Global Ratings
BBB-
Болжам – «Тұрақты»
Fitch Ratings
182,9
+10,8%млрд теңге
EBITDA 2025 жылы
147
млрд теңге
2025 жылғы таза пайда (МТС ескерілген)
Қарыз жүктемесі қолайлы деңгейде сақталуда, ал қарыздың EBITDA-ға қатынасы шамамен 2,2-ні құрайды, бұл белгіленген шекті мәндерден төмен және Топтың қаржылық тұрақтылығын растайды. 2025 жылы S&P Global Ratings «Қазақтелеком» АҚ-ның ұлттық қазақстандық шкала бойынша рейтингін kzA+-тен kzAA-ке дейін көтеріп, болжамды «Тұрақты» деңгейіне дейін жақсартып, Компанияның ұзақ мерзімді несиелік рейтингін BB деңгейінде растады. Fitch Ratings де «Қазақтелеком» АҚ-ның рейтингін «Тұрақты» болжаммен BBB- деңгейінде растады.
2025 жылы ең үлкен үлесті мынадай кірістер алады:
41,1%
2025 жылы деректерді беру желісі қызметтерінен жалпы кіріс ең үлкен үлес салмағын алады