4.4 Тұрақты даму саласындағы есеп: G аспектісі
4.4.3. Сатып алу тәжірибелері
4.4.3.1. Басқару тәсілі
GRI 3-3
«Қазақтелеком» АҚ жеткізушілермен өзара іс-қимылды ашықтық пен адалдық қағидаттарында құрады. Компания тек адал, сенімді әрі ашық серіктестермен ғана ынтымақтасуға ұмтылады.
Компания ұлттық экономиканың инновациялық даму жағдайында тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірушілерін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты қолдайды.
«Қазақтелеком» АҚ сатып алу қызметінің негізгі басымдықтары:
- сатып алудың айқындылығы мен ашықтығы;
- сатып алу рәсімдерін өткізу кезіндегі бәсекелестік;
- жергілікті жеткізушілерді қолдау және дамыту.
«Қазақтелеком» АҚ-ның сатып алу қызметі 2025 жылғы тамызда жаңа редакциясы қабылданған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен» регламенттеледі.
Сатып алу процестерін басқару құралы Қордың Электрондық сатып алулар ақпараттық жүйесі болып табылады. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Электрондық сатып алулар ақпараттық жүйесі — Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарын жүктеу мүмкіндігі, сондай-ақ сатып алу рәсімдерін толық сүйемелдеу — сатып алу жүргізу мен шарттар жасасудан бастап, тауарларды қоймаға жеткізуге, тауарларды қабылдау-беру актілерін, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерін ресімдеу мен оларға қол қоюға, сондай-ақ әртүрлі есептерді жүктеп алуға дейін көзделген бірыңғай портал. Толығырақ zakup.sk.kz порталында таныса алады.
Компания елішілік құндылығы үлесі бойынша белгіленген ҚТК-ге қол жеткізуге бағытталған шараларды қабылдайды: жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 19 офтейк-келісімшарт, сондай-ақ отандық тауар өндірушілермен жасасылған шарттар көлемі бойынша. Тауар өндірушілермен, ықтимал офтейкерлермен дөңгелек үстелдер-кездесулері өткізіледі, олардың шеңберінде бар мүмкіндіктер мен артықшылықтар түсіндіріледі.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ге импорт алмастыру тауарлары пулына енгізу үшін қажеттілікті өзектендіруге өтінімдер тұрақты негізде жіберіліп тұрады. 2025 жылы Компания 0,119 млрд теңге сомасына өтінімдер жіберді.
Жұмыстардағы тауарлар бойынша жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстарының мониторингі тұрақты негізде жүзеге асырылады. Есепті кезеңде сметалық, жобалық, жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамасы бар құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша барлық сатып алулардың тексеруі жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша отандық тауар өндірушілерден жеткізушілерге коммерциялық ұсыныстар болмаған.
Деректер сатып алулар бойынша Қор операторы — «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен белгіленген тәртіпте верификацияланған.
4.4.3.2. Сатып алу жүйесін жетілдіру
Компанияда сатып алу рәсімдері мынадай сатып алу тәсілдерімен жүргізіледі: ашық тендер, бағалық ұсыныстар сұрау, бір көзден, ерекше тәртіп.
Компанияда өтінімдерді берудің автоматтандырылған жүйесі жұмысын жалғастырады («Қазақтелеком» АҚ сатып алуларды мониторингтеу). 2025 жылы «Мониторинг закупок» ақпараттық жүйесі негізінде «Smart жабдықтау» жобасын іске асыру шеңберінде «Шарттарды мониторингтеу» қосымша модулін әзірлеу табысты аяқталды. Әзірленген «Шарттарды мониторингтеу» модулі мынадай процестерді автоматтандырды:
- Компанияның барлық филиалдары бойынша шығыс шарттары (электрондық, қағаз, негізгі тәртіп) бойынша барлық деректерді жинау және шоғырландыру;
- Компанияның шығыс шарттарының жобаларын құру, келісу және бекіту процесі;
- Компанияның барлық шығыс шарттары бойынша есептілікті қалыптастыру мен деректерді талдау процесі;
- Компания шарттарын орталықтанған бақылау мен басқару процесі.
Отандық тауар өндірушілерді (ОТӨ) қолдауға бағытталған өзгерістер:
- преференциялар мен жеңілдіктер сатып алынатын тауардың нақты ОТӨ-ге берілді. Бұған дейін сатып алынатын тауарды өндірмейтін ОТӨ біртекті тауар өндіру болған жағдайда сатып алуларға қатыса алатын негізде болған өтініш-декларация алынып тасталды. Бұл жағдайда меншікті өндіріс емес тауарды немесе тапсырыс берушінің техникалық спецификациясына сәйкес келмейтін тауарды жеткізу фактілері мен елеулі тәуекелдері орын алды;
- жоспарлы-алдын алу жөндеуі бойынша жеткізушілер тауарды ОТӨ-ден сатып алуға міндеттелді (Қордың сатып алу веб-порталында (ЭСАЖ) ОТӨ-ден коммерциялық ұсыныстар болған жағдайда);
- шикізат құнының 10%-дан астам өсуі және/немесе тарифтер кезінде ОТӨ-мен келісімшарт сомасын қайта қарау мүмкін;
- сатып алынатын тауарды өндіретін мүгедектер ұйымдары ғана қамтамасыз ету (өтінім, аванс) енгізуден босатылады (бұған дейін мүгедек жеке кәсіпкерлер де босатылған);
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі (ҚТТ) енгізілді. ҚТТ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы бұйрығымен бекітілген Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Отандық тауар өндіруші мәртебесін растаудың жалғыз көзі ретінде осы тізілімді пайдалануға толық көшу көзделген. Бұл ретте «СТ-KZ» нысанындағы тауар шығу тегі туралы сертификат пен индустриялық сертификат көрсетілген күннен бастап заңдық күшін жоғалтады және қолданылмауға тиіс. Жаңа ҚТТ ҚБК ТЖҚ кодтарын көздемейді; отандық тауар өндіруші мәртебесін растау өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын Бірыңғай тізілімнен алынған үзінді негізінде жүзеге асырылады.
Сатып алу рәсімдерін біріздендіру, сондай-ақ функциялардың қайталануын болдырмау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қордың мүгедектер ұйымдары тізілімінің күші жойылды және мемлекеттік сатып алуларда қолданылатын мүгедектер ұйымдары тізілімі пайдаланылады. Бұл ретте сатып алынатын тауарлар өндірушілері болып табылатын мүгедектер ұйымдары арасында сатып алу жүргізу қағидаттары сақталған.
Электрондық дүкен (ЭД) арқылы сатып алуды дамытуға бағытталған өзгерістер:
- сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне (СБҚТ) енгізілген сатып алулар бағалық ұсыныстар сұрау тәсілінен сома бойынша шектеулерсіз ЭД-ке көшірілді. Бұл өзгерістердің қажеттілігі СБҚТ-дан сапасыз тауарлардың немесе меншікті өндіріс емес тауарлардың, оның ішінде бағалық ұсыныстар сұрау тәсілімен сатып алулар кезінде ықтимал жеткізушілерге қосымша біліктілік талаптарының болмауын ескере отырып, жеткізілуімен байланысты жүйелі проблемалармен негізделді. ҚР АИЦДМ ресми тәртіпте ЭД-ке СБҚТ-ны енгізуді қолдады;
- ЭД-те сот шешімі болған жағдайда тауарларды сатып алу туралы жария оферта орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Қордың Сенімсіз ықтимал жеткізушілер (жеткізушілер) тізбесіне енгізу көзделген. 2024–2025 жылдарда ЭД-те 39 734 тапсырыстың 2 638-і жеткізушілердің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты бұзылды;
- ЭД-те оферта қойылмаған сатып алулардан кейінгі офертаға қол қою мерзімдері мен одан кейінгі әрекеттер регламенттелді.
2025 жылы ЭСАЖ-ды Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорымен интеграциялауды іске асыруға байланысты ықтимал жеткізушілердің туыстары туралы мәліметтер ұсыну қажеттілігі алынып тасталды.
ЭСАЖ-дан басқа Қазақстан Республикасының Бірыңғай сатып алу платформасы енгізілді. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мақсаттарының бірі реттелетін сатып алулардың барлық түрлерін біріктіретін: мемлекеттік сатып алуларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларын, Қор сатып алуларын, сондай-ақ өзге де сатып алу түрлерін біріктіретін бірыңғай сатып алу платформасын құру болған Қазақстан Республикасының жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы қолданысқа енгізілді. Бірыңғай сатып алу платформасы «Электрондық қаржы орталығы» АҚ базасында құрылған және goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz және mitwork.kz қолданыстағы жүйелерімен, сондай-ақ 20-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған. Бірыңғай платформаны іске қосу реттелетін сатып алулардың барлық түрлеріне ашық, ыңғайлы әрі бірыңғай қол жеткізуді қамтамасыз етті. Global Data Barometer халықаралық зерттеуіне сәйкес Қазақстанның сатып алу жүйесі әлемде қолжетімділік пен ашықтық деңгейі бойынша 3-орынды иеленді.
«Қазақтелеком» АҚ қызметі Компанияның қоршаған ортаны қорғау, өндірістік қауіпсіздік пен адам құқықтарын сақтау саласындағы талаптарына сәйкес келетін жеткізушілерді іріктеуге ұмтылады.
«Қазақтелеком» АҚ 2032 жылға дейін сатып алуларды басқару жүйесін жетілдіруді және өз жеткізушілерін ESG-критерийлер бойынша бағалауды жоспарлайды.
4.4.3.3. 2025 жылғы сатып алу қызметінің нәтижелері
Жергілікті жеткізушілерге жұмсалған шығыстар үлесі
GRI 2-6, GRI 204-1
«Қазақтелеком» АҚ жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастыққа ерекше мән береді, олардан тауарлар мен қызметтерді сатып алуды қалайды. Компания өз қызметінде ұлттық экономиканың инновациялық даму жағдайында жергілікті құрамды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты ұстанады.
Компанияның сатып алуларында жергілікті жеткізушілер үлесін арттыру мақсатында «Телеком Комплект» Дирекциясының базасында сатып алулар мен импорт алмастыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларымен жұмысқа, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Орталық жобалық офисімен өзара іс-қимылға бағытталған импорт алмастыру бойынша жергілікті жобалық офис жұмыс істейді. Бұдан басқа, Қор сатып алулары жөніндегі уәкілетті орган сатып алуларда жергілікті тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үлесін арттыру бойынша мақсатты тиімділік көрсеткіштерін жыл сайын айқындайды.
Отандық тауар өндірушілерге нүктелік қолдау «Самұрық-Қазына» Қорында және басқарылатын субъектілерде (оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-да) енгізілген сатып алуларды басқарудың санаттық тетігімен де қамтамасыз етіледі. Толығырақ — zakup.sk.kz сайтында оқыңыз.
99,7%
2025 жылы жергілікті жеткізушілерден сатып алу үлесі (1 824 жергілікті және 5 шетелдік компания)
92
млрд теңге
2025 жылы жергілікті жеткізушілерден сатып алу бюджеті
GRI 2-6, GRI 204-1
75-кесте. Жергілікті* жеткізушілерге жұмсалған шығыстар
| Көрсеткіш | 2023 | 2024 | 2025 |
|---|---|---|---|
| Жеткізушілердің жалпы саны, саны | 2 838 | 2 070 | 1 829 A |
| Сатып алудың жалпы көлемі, млрд теңге | 211 | 79 | 93 A |
| Жергілікті жеткізушілердің жалпы саны, саны | 2 792 | 2 063 | 1 824 A |
| Жергілікті жеткізушілерден сатып алудың жалпы көлемі, млрд теңге | 167 | 77 | 92 A |
| Саны бойынша үлес, % | 98,3% | 99,6% | 99,7% A |
| Көлем бойынша үлес, % | 79,1% | 97% | 98,9% A |
* Қазақстан Республикасының аумағында құрылған Қазақстан Республикасының резиденттері. GRI 204-1 стандартының талаптарына сәйкес «жергілікті жеткізушілер» деп өндіруші немесе делдал болып табылатынына қарамастан, шоттар мен шарттар негізінде жеткізілімдерді жүзеге асырған барлық жеткізушілер түсініледі. Тиісінше, көрсеткіш шеңберінде корпоративтік топ ішіндегі жеткізушілерді қоса алғанда, барлық осындай жеткізушілер есепке алынады.
«Жергіліктінің» географиялық анықтамасы және «Қазақтелеком» АҚ қызметінің негізгі орны Компанияның қатысу елін — Қазақстан Республикасын білдіреді.
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар
«Қазақтелеком» АҚ-ның жеткізушілерге қойылатын талаптары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен» құжатталған түрде бекітілген, сондай-ақ Қордың Электрондық сатып алулар ақпараттық жүйесі порталында жарияланады.
4.4.3.4. Жеткізушілерден кері байланыс
Компания жеткізушілермен кері байланыстың әртүрлі құралдарын пайдаланады, оның ішінде: қағаз/электрондық хат арқылы ресми хат алмасу; Компанияның Facebook-тегі ресми беті арқылы коммуникация; сатып алу порталы бойынша техникалық қолдау қызметі; сатып алу мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді жинау тікелей желісі.
Компания қолданыстағы және ықтимал жеткізушілермен оффлайн/онлайн-конференцияларды жыл сайын өткізеді. Мұндай конференциялар барысында келіп түсетін барлық ұсыныстар мен ұсынымдарды «Қазақтелеком» АҚ сатып алу жүйесін басқаруды одан әрі жетілдіру үшін жүйелейді.
Кері байланыстың негізгі арналарына мыналар жатады:
-
Сатып алу порталының техникалық қолдауы:
+7 (7172) 55 2266, support2@skc.kz
- Сатып алу мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді жинау тікелей желісі: 8(727) 226 82 61
- WhatsApp: +7701 428 58 15, vopros@telecom.kz
2025 жылы ықтимал және қолданыстағы жеткізушілерден 215 хат/сұрау/ұсыныс алынды, оның ішінде 68-і — платформа арқылы.
Хаттардың негізгі тақырыптары мыналармен байланысты болды:
- тендерге қатысу;
- алдын ала біліктілік іріктеуінен өту (ықтимал жеткізушілерді сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау процесі).
Бұл және басқа да сұрақтарға жауаптар Компанияның Facebook-тегі ресми бетінде жарияланады.
1 829
жеткізуші 2025 жылы
Тауарлардың/қызметтердің негізгі түрлері:
бағдарламалық-аппараттық кешендер
«кілт тапсыру» бойынша құрылыс жұмыстары
телекоммуникациялық жабдық
телекоммуникациялық жабдыққа қызмет көрсету
СОРМ қызметтері және телекоммуникациялық қызметтердің басқа да түрлері