|
3G (third generation)
|
үшінші буын ұялы байланыс технологиялары — Интернет желісі қызметтерімен жоғары жылдамдықты мобильді қол жеткізуді де, деректер беру арнасын жасайтын радиобайланыс технологиясын да біріктіретін қызметтер жиынтығы.
|
|
4G (fourth generation)
|
жоғары талаптары бар ұялы байланыс буыны. Төртінші буынға деректерді жылжымалы абоненттер үшін 100 Мбит/с-тан асатын, стационарлық абоненттер үшін 1 Гбит/с-тан асатын жылдамдықпен беруге мүмкіндік беретін перспективалы технологияларды жатқызу қабылданған.
|
|
5G (fifth generation)
|
жоғары жылдамдықты сымсыз интернет, бесінші буын технологиялары, деректер алу/беру жылдамдығының артуы мен ауқымның кеңеюінің арқасында неғұрлым тиімді байланыс пен деректерге және байланыс қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
|
|
ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line)
|
асимметриялық сандық абоненттік желі — модемдік технология, онда арнаның қолжетімді өткізу жолағы шығыс және кіріс трафик арасында асимметриялы бөлінген.
|
|
API (Application Programming Interface)
|
бір компьютерлік бағдарлама екінші бағдарламамен қалай өзара іс-қимыл жасай алатын тәсілдердің сипаттамасы.
|
|
ARPU (Average Revenue Per User)
|
бір абонентке шаққандағы айлық орташа түсім.
|
|
B2B (ағылш. Business to Business)
|
заңды тұлғалар арасындағы коммерциялық өзара қарым-қатынастарды білдіретін термин.
|
|
B2C (ағылш. Business to Consumer)
|
заңды тұлға мен тұтынушы арасындағы коммерциялық өзара қарым-қатынастарды білдіретін термин.
|
|
B2G (ағылш. Business to Government)
|
заңды тұлға мен мемлекет арасындағы коммерциялық өзара қарым-қатынастарды білдіретін термин.
|
|
B2O (ағылш. Business to Operators)
|
заңды тұлға мен байланыс операторлары арасындағы коммерциялық өзара қарым-қатынастарды білдіретін термин.
|
|
Big Data
|
үлкен көлемдегі деректерді өңдеу.
|
|
CDMA (Code Division Multiple Access)
|
кодтық бөлуі бар көп түрлі қол жеткізу, цифрлық ұялы (сымсыз) байланыс желісі. CDMA сымсыз байланыс жабдығы байланысты стандарттау халықаралық ұйымымен үшінші буын желілерін салу үшін ең перспективалы ретінде ұсынылған.
|
|
DWDM (Dense Wave Division Multiplexing)
|
тығыз толқынды мультиплекстеу технологиясы, мультисервистік және мобильді желілердің тірек инфрақұрылымы үшін ең сенімді технология болып табылады, желінің өткізу қабілетінің күрт артуын қамтамасыз етеді және түбегейлі жаңа байланыс қызметтерінің кең жиынтығын іске асырады.
|
|
EBITDA (Earnings Before Interest, Taxes, Depreciation and Amortization)
|
кредиттер бойынша пайыздарды, пайда салығын және амортизацияны шегергенге дейінгі Компания пайдасы.
|
|
ESG факторлары (Environmental. Social. Governance)
|
қоршаған орта факторлары, әлеуметтік факторлар және басқару факторлары.
|
|
Firewall
|
компьютерлік желілер немесе хосттар арасында рұқсат етілмеген немесе қалаусыз байланысты болдырмауға арналған технологиялық тосқауыл.
|
|
FMC — One contact (fixed mobile convergence)
|
тіркелген және ұялы байланысты біріктіретін, одан әрі коммерциялық пайдалануға беретін технология.
|
|
FTTH (Fiber to the Home)
|
үйге дейін талшықты-оптикалық кабель (жеке/жекеменшік үй болжанады).
|
|
FTTх (fiber to the x)
|
талшықты-оптикалық қосылу технологиясы.
|
|
FWA (Fixed Wireless Access)
|
талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамтылмаған аймақтарда қолданылатын 4G негізіндегі сымсыз интернет-технология.
|
|
GSM
|
уақыт пен жиілік бойынша арналарды бөлумен сандық ұялы байланыстың жаһандық стандарты, жоғары қауіпсіздігімен ерекшеленеді және 2G типті желілерде жұмыс істейді. Негізгі мақсаты — қоңырау шалу мен хабарламалармен алмасу.
|
| GPON (Gigabit passive optical network) |
гигабиттік пассивті оптикалық желілер.
|
|
IPTV (Internet Protocol Television)
|
интернет протоколы бойынша теледидар, IP протоколы бойынша деректер беру желілеріндегі сандық теледидар технологиясы (стандарты), сандық кабельдік теледидар операторлары пайдаланады, теледидардың жаңа буыны.
|
|
IP-транзит
|
BGP протоколы бойынша заманауи оптикалық деректер беру желілері арқылы Интернет желісіне басқарылатын және жоғары жылдамдықты қол жеткізу қызметі. BGP — Интернет желісінде пайдаланылатын автономды жүйелер арасындағы динамикалық маршрутизация протоколы.
|
|
IoT (Internet of Things)
|
жеке нысандарға кіріктірілген құрылғыларға интернет арқылы (сымды немесе сымсыз) ақпарат жіберуге және алуға мүмкіндік беретін технологиялардың жалпы атауы.
|
|
LTE (Long-Term Evolution)
|
ұялы телефондар мен деректермен жұмыс істейтін басқа да терминалдар үшін сымсыз жоғары жылдамдықты деректер беру стандарты.
|
|
NPS (Net Promoter Score)
|
тұтынушылардың тауарға немесе Компанияға адалдығын анықтау индексі (ұсынуға дайындық индексі), қайталанатын сатып алуға дайындықты бағалау үшін пайдаланылады. Клиенттік адалдықты өлшеудің негізгі индекстерінің бірі болып табылады.
|
|
OTT (Over the Top)
|
интернет арқылы бейне қызметтерді ұсыну әдісі.
|
|
SDN/NFV
|
бағдарламалық-конфигурацияланған желі (Software-Defined Networks, SDN) және желілік функцияларды виртуализациялау (Network Function Virtualization, NFV).
|
|
VAS (ағылш. Value-Added Services)
|
қосылған құны бар қызметтер.
|
|
VPN (Virtual Private Network)
|
виртуалды жекеменшік желі — басқа желінің (мысалы, интернеттің) үстінде бір немесе бірнеше желілік қосылымды (логикалық желіні) қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технологиялардың жалпы атауы.
|
|
WAP (Wireless Application Protocol)
|
деректерді сымсыз беру протоколы. Протокол арнайы портативті құрылғылардың Интернет желісімен байланысын орнату қажет GSM желілері үшін жасалған. WAP көмегімен ұялы құрылғы пайдаланушысы Интернет желісінен кез келген сандық деректерді жүктей алады.
|
|
ҚжЕҚ
|
қауіпсіздік және еңбекті қорғау.
|
|
ТОБЖ АЕМ
|
ауылдық елді мекендердегі талшықты-оптикалық байланыс желілері.
|
|
ЕТҚ
|
еншілес және тәуелді қоғам.
|
|
ЕМС
|
ерікті медициналық сақтандыру.
|
|
ӨҚД
|
Өндірістік қауіпсіздік дирекциясы.
|
|
АҚЕС
|
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот.
|
|
АКТ
|
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
|
|
КӘЖ
|
корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік.
|
|
ШОК
|
шағын және орта кәсіпорындар.
|
|
ЗТБ
|
заңды тұлғалар бірлестігі.
|
|
ОҚО
|
ортақ қызмет көрсету орталығы.
|
|
КЖҚ
|
кең жолақты немесе жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу — модем мен ортақ пайдаланудағы телефон желісін пайдаланумен коммутацияланған қол жеткізуді пайдалану кезінде мүмкін болатын ең жоғары жылдамдықтан асатын деректер беру жылдамдығымен интернетке қол жеткізу.
|