Казахтелеком

73%

5.1. Корпоративтік басқару туралы есеп

98%

тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша ІАҚ қызметінің Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына сәйкестігі

2025 жылғы негізгі көрсеткіштер

0

мүдделер қақтығысы

2025 жылы Директорлар Кеңесінің жұмысында мүдделер қақтығысы тіркелмеді

2025 жылғы негізгі оқиғалар

«Қазақтелеком» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту;


Қызметкерлерге тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау бойынша тренингтер өткізілді;


2025 жылғы желтоқсанда Компанияның барлық қызметкерлеріне «Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі» тақырыбында оқу тренингі өткізілді;

Кепілдіктер картасын өзектендіруді қоса алғанда, жаңа бақылау рәсімдері бекітілді;


Басқарма мүшелеріне комплаенс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тақырыптық оқу сессиялары өткізілді;


Хатшылық қызметкерлерінің Орталық Азия корпоративтік хатшылар қауымдастығы (ОАКХҚ) өткізетін корпоративтік хатшыларды сертификаттау Бағдарламасына қатысуы.

Компания корпоративтік басқарудың жоғары деңгейін және өз қызметінің ашықтығын қолдауға ұмтылады. Біз бизнес пен қоғамдағы өзгерістерді назарға ала отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіреміз. Мұндай тәсіл басқарудың барлық деңгейлерінде тиімділікті қамтамасыз етеді.

Компанияның корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары:

  • Тұрақты даму.
  • Акционерлердің құқықтарын құрметтеу және оларға әділ қатынас жасау.
  • Тиімділік.
  • Ашықтық.

Корпоративтік хатшы жыл сайын Директорлар Кеңесіне Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сақталуы туралы есепті дайындайды. Толығырақ 9-Қосымшадан қараңыз. «Корпоративтік басқару кодексінің сақталуы туралы есеп».

«Қазақтелеком» АҚ корпоративтік басқару жүйесі басқару мен бақылау процестерін, сондай-ақ Басқарма, Директорлар Кеңесі, акционерлер мен мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым-қатынастарды қамтиды. Органдардың құзыреттері мен шешімдер қабылдау тәртібі «Қазақтелеком» АҚ Жарғысында айқындалған және бекітілген.

Сонымен бірге Fitch Ratings мобильді активті сатудан алынған қаражатты бөлумен байланысты, сондай-ақ орта мерзімді перспективада еркін ақша ағыны көрсеткіштеріне қысым көрсете алатын ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асырумен байланысты қарыз жүктемесінің ықтимал өсуін және өтімділік деңгейінің төмендеуін атап өтеді.

2025 жыл қорытындысы бойынша талдау «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметі мен оның корпоративтік тәжірибесі Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелеріне сәйкестікті қамтамасыз ететінін көрсетті.

Басқару органдары:

  • жоғары орган — Акционерлердің жалпы жиналысы;
  • басқару органы — Директорлар Кеңесі;
  • атқарушы орган — Басқарма.

Басқарма Директорлар Кеңесіне бағынады және есеп береді, ол өз кезегінде Акционерлердің жалпы жиналысы алдында жауапты. Компанияның әр органының егжей-тегжейлі рөлі мен функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда, Жарғыда және Компанияның басқа да ішкі құжаттарында айқындалған.

Ішкі аудит қызметі Компанияның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, ішкі бақылау жүйесін, тәуекелдерді басқару мен корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын бағалауды, сондай-ақ акционерлік қоғам қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беруді жүзеге асыратын орган болып табылады.

BBB-

болжам «Тұрақты»

2025 жылғы 17 қарашада Fitch Ratings «Қазақтелеком» АҚ рейтингін растады

Агенттік Компанияның Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы орнықты нарықтық позицияларын, дамыған инфрақұрылымдық базаның бар екенін және ақша ағындарын тұрақты генерациялау қабілетін атап өтеді. Рейтингке қосымша қолдауды Компанияның бақылаушы акционер ретіндегі мемлекетпен байланысының жоғары дәрежесі көрсетеді, бұл оның несиеге қабілеттілігін бағалау кезінде агенттікпен ескеріледі.

«Қазақтелеком» АҚ-ның корпоративтік басқару құрылымы

GRI 2-9