Казахтелеком

73%

4.4 Тұрақты даму саласындағы есеп: G аспектісі

4.4.2. Экономикалық нәтижелілік

4.4.2.1. Басқару тәсілі

GRI 3-3

«Қазақтелеком» АҚ қызметінің экономикалық құрамдас бөлігі Компанияның өзі үшін де, мемлекет экономикасы үшін де стратегиялық жоспарлауда маңызды рөл атқарады. Ол Компанияның акционерлер мен инвесторлар үшін ұзақ мерзімді құнын арттыруға бағытталған, бұл Компанияның стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының ең ірі телекоммуникациялық операторы бола отырып, Компания ел экономикасын жаңғырту мен әртараптандыруға елеулі үлес қосуға ұмтылады және жергілікті қоғамдастықтардың тұрақты дамуына жәрдемдеседі.

GRI 201-1

«Қазақтелеком» АҚ өзінің қатысу өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуға ұмтылады.

Тікелей экономикалық құн Компанияның кіріс әкелетін негізгі қызметі есебінен жасалады. Жасалған экономикалық құнды бөлу қызметкерлерге жалақы төлеу, акционерлерге дивидендтер төлеу, сондай-ақ мемлекет пайдасына салықтар мен өзге де төлемдер процесінде; тауарлар мен қызметтерді сатып алуды және ерікті әлеуметтік инвестицияларды жүзеге асыруда жүзеге асырылады. Бұл туралы толығырақ «Қызметкерлермен өзара қарым-қатынас» және «Жергілікті қоғамдастықтар» бөлімдерінен оқыңыз.

2025 жылы «Қазақтелеком» АҚ 2024 жыл қорытындысы бойынша рекордтық дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдады, бұл Компания капиталындағы мемлекеттің жоғары үлесін ескере отырып, Қазақстан бюджетіне елеулі түсімдерді қамтамасыз етті. Бұл ретте акция құны 43 мың теңгеден асты және S&P Global Ratings компанияның ұлттық (қазақстандық) шкала бойынша рейтингін kzA+-тан kzAA—ке дейін көтеріп, болжамды «Тұрақты» деңгейіне дейін жақсартып, ұзақ мерзімді несиелік рейтингті BB деңгейінде растады.

Компания инфрақұрылымды жаңғыртуға, жаңа технологияларды дамытуға және бизнестің ұзақ мерзімді өсуіне инвестицияларды акционерлер алдындағы міндеттемелерді орындаумен үйлестіре отырып, пайданы бөлуге теңгерімді тәсілді қолдауға ұмтылады.

Есепті кезеңде Қоғамның бөлінген экономикалық құндылығы жыл ішінде жасалған экономикалық құндылықтан асып түсті, бұл негізінен жай және артықшылықты акциялар бойынша елеулі көлемде дивидендтер жариялау мен төлеуге байланысты. Нәтижесінде GRI-201 стандарты бойынша ашу шеңберіндегі «Бөлінбеген экономикалық құндылық» көрсеткіші теріс мәнмен қалыптасты. Бұл ауытқу қабылданған дивидендтік саясатқа және акционерлердің пайданы бөлу туралы шешімдеріне байланысты және Қоғам қызметінің операциялық немесе қаржылық көрсеткіштерінің нашарлауын көрсетпейді.

kzAA-

болжам – «Тұрақты»

S&P Global Ratings Компанияның ұлттық (қазақстандық) шкала бойынша рейтингін kzA+ -ден kzAA– -ге дейін жоғарылатты

GRI 2-6, GRI 201-1

73-кесте. 2025 жыл үшін жасалған және бөлінген тікелей экономикалық құн, млн теңге A

Көрсеткіш 2025
1. Жасалған тікелей экономикалық құн 368 988
Кіріс (түсім) 347 732
Қаржылық инвестициялардан түсетін кіріс 19 266
Өзге де түсімдер 1 990
2. Бөлінген экономикалық құн 697 634
Операциялық шығыстар 186 812
Қызметкерлерге жалақы, өзге де төлемдер мен жеңілдіктер 116 543
– оның ішінде жалақы 101 293
– оның ішінде қызметкерлерге басқа төлемдер мен жеңілдіктер 15 250
Капитал жеткізушілеріне төлемдер 318 553
– дивидендтер 293 082*
– қаржылық шығыстар 25 450
Мемлекетке төлемдер 44 652
– корпоративтік табыс салығы 75 746
Жергілікті қоғамдастықтарға инвестициялар -
3. Бөлінбеген экономикалық құн (328 647)

* Кезеңдегі таза пайдадан үлес: 1) 2024 жыл үшін шоғырландырылған таза кірістің 100%-ы және өткен жылдардың бөлінбеген пайдасының бір бөлігінен; 2025 жыл үшін шоғырландырылған таза кірістің 15,00%-ы тоқтатылған қызметтен пайданы және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-дегі үлесті сату мәмілесінен ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қайта бағалаудан түскен пайданы шегере отырып.

GRI 201-4 А

74-кесте. Мемлекеттен алынған қаржылық көмек, млрд теңге A

Көрсеткіш 2025
Салықтық жеңілдіктер мен салықтық кредиттер 1,990
Субсидиялар 7,947
Инвестициялық гранттар, зерттеулер мен әзірлемелерге арналған гранттар мен өзге де тиісті грант түрлері 0
Марапаттар 0
Роялти төлеуден босату 0
Экспорттық кредиттік агенттіктерден алынған қаржылық көмек 0
Қаржылық ынталандыру 0
Кез келген мемлекеттік органнан алынған немесе алынуға тиісті өзге де қаржылық пайдалар 0
Барлығы мемлекеттен алынған қаржылық көмек 9,937