4.1. Тұрақты дамуды басқару
4.1.2. Тұрақты дамуды басқару құрылымы
GRI 2-9, 2-12, 2-13, 2-14
А «Қазақтелеком» АҚ тұрақты дамуды басқару жүйесін дәйекті дамытып, оның корпоративтік басқарудың барлық деңгейлерінде интеграциялануын қамтамасыз етеді. ESG-күн тәртібі Директорлар Кеңесінің тұрақты назарында, ол тиісті саясаттарды бекітеді, бастамалардың іске асырылуын мониторингтейді және Компания қызметінің тұрақтылық қағидаттарымен стратегиялық келісілуін қамтамасыз етеді.
Директорлар Кеңесі:
- Компанияның ТД саласындағы стратегиясы мен қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды;
- ТД саласындағы есептілікті қарайды және бекітеді;
- ТД қағидаттарын Компания қызметіне енгізуді бақылайды;
- климаттық тәуекелдерді қоса алғанда, тұрақты даму тәуекелдерінің мәселелерін басқаруды жүзеге асырады.
Директорлар Кеңесіне Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметінің нәтижелері туралы есептер тұрақты түрде (жыл сайын және тоқсан сайын) ұсынылады.
«Қазақтелеком» АҚ-да бұл мәселелерге неғұрлым жүйелі тәсіл үшін Аудит және тұрақты даму комитеті құрылды және жұмыс істейді. Аудит және тұрақты даму комитетінің Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметін бақылау шеңберіндегі функциялары мыналарды қамтиды:
- Компанияның жылдық есебі мен тұрақты даму саласындағы есебін ұсынылған қаржылық және қаржылық емес ақпарат сапасы тұрғысынан алдын ала мақұлдау;
- тұрақты дамуға қатысты тақырыптар бойынша, сондай-ақ Компанияда ESG қағидаттары мен төмен көміртекті дамытуды енгізу бойынша Директорлар Кеңесіне ұсынымдар әзірлеу;
- тұрақты даму, этикалық мінез-құлық және жауапты инвестициялау қағидаттарын ескере отырып, бизнес-процестерді трансформациялауды бақылау;
- Компанияның тұрақты даму саласындағы жаңа саясаттарын, жоспарларын, бағдарламаларын бекіту және қолданыстағыларының тиімділігін бағалау, сондай-ақ Компанияның тұрақты даму саласындағы басым жобалары, негізгі іс-шаралары мен бастамалары бойынша Директорлар Кеңесіне ұсынымдар әзірлеу;
- жаһандық климаттық күн тәртібімен байланысты Компания үшін туындайтын ықтимал тәуекелдер мен шектеулерді қоса алғанда, төмен көміртекті даму және Компанияның көміртек ізін басқару мәселелерін қарау;
- тұрақты даму саласындағы халықаралық рейтингтер талаптарына қызметтің, корпоративтік есептілік пен құжаттардың сәйкестігі бойынша Директорлар Кеңесіне ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы халықаралық рейтингтердегі Компания позицияларын жақсарту бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау;
- Компанияның тұрақты даму саласындағы жария есептілігінің сапасын мониторингтеу. А
GRI 2-13
«Қазақтелеком» АҚ-да тұрақты дамуды басқаруға жауапты бөлімше Корпоративтік басқару және тұрақты даму департаменті болып табылады. Департамент ішкі нормативтік құжаттарды, саясаттарды, тәжірибелерді және ішкі бақылау жүйесін тұрақты түрде түгендеп отырады, сондай-ақ тұрақты даму тәуекелдерін анықтау және оларды басқару бойынша жұмыс жүргізеді. Жарты жылдықта бір реттен сирек емес Департамент Аудит және тұрақты даму комитетінің қарауына Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметіне қатысты мәселелерді, оның ішінде жаңа құжаттарды бекіту, нәтижелер туралы есеп беру және басқа да маңызды тақырыптарды шығарады.
А Тұрақты даму қағидаттарын іске асыруды, саясаттар мен стандарттарды енгізуді, сондай-ақ ақпаратты дұрыс ашуды Басқарма Төрағасы мен филиал бас директорлары Компания іс-шаралар жоспарына сәйкес бақылайды. ESG-мақсаттарға және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі қызметті кураторлық ету Бас әкімшілік директорға жүктелген. Этика мен стандарттарды сақтау мәселелері бойынша ішкі коммуникацияларды комплаенс-бақылаушы/Комплаенс қызметінің басшысы реттейді. Қоғаммен сыртқы коммуникацияларға Баспасөз хатшысы жауапты. А
Персоналды басқару, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауға жауапты Компанияның құрылымдық бөлімшелері ESG-күн тәртібінің жекелеген бағыттарын іске асырады, тұрақты даму саласындағы жобаларды және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді бастамалайды және үйлестіреді. Құрылымдық бөлімшелердің бастамаларын іске асыруды және олардың нәтижелерін бақылауды «Қазақтелеком» АҚ Орталық аппараты жүзеге асырады. А