Казахтелеком

73%

4.1. Тұрақты дамуды басқару

4.1.3. ESG саласындағы стратегиялық мақсаттар

«Қазақтелеком» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы стратегиялық бағыттары:

  • халықтың өмір сапасын жақсарту үшін инновациялық инфокоммуникациялық технологияларды енгізу және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру;
  • орнықты және инклюзивті экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
  • энергия тиімділігін арттыру мен табиғатты ұтымды пайдалану есебінен қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;
  • қызметкерлердің дамуы мен әл-ауқатына ықпал ететін қауіпсіз, инклюзивті және ынталандыратын жұмыс ортасын құру.

11-кесте. Компанияның ESG саласындағы негізгі бастамалары

Экологиялық аспект

Environmental

тұрақты дамуды басқару;


халықаралық стандарттарға сәйкес ПГ мен ластаушы заттар шығарындыларын қысқарту бойынша нысаналы көрсеткіштерді белгілеу;


парниктік газдар шығарындыларын өтеу жобаларына инвестициялау;


қалдықтарды басқару;


су ресурстарын басқару;


биоалуантүрлілік пен рекультивация.

Әлеуметтік аспект

Social

клиенттердің деректерін қорғау мен құпиялылықты сақтау шараларын күшейту; мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса алғанда, телекоммуникациялық қызметтердің қолжетімділігін барлығына қамтамасыз ету;


жұмыс орындарында әралуандылық пен инклюзивтілікті қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру;


оқыту мен мансаптық өсу мүмкіндіктерін ұсыну;


қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін нығайту;


КӘЖ саласындағы бастамалар арқылы жергілікті қоғамдастықтарды қолдау.

Корпоративтік басқару аспектісі

Governance

Директорлар Кеңесінің инклюзивті және тәуелсіз құрамын қалыптастыру;


сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң саясаттар мен сыбайлас жемқорлықпен күрес рәсімдерін әзірлеу;


ұйымда бизнес пен мінез-құлықты этикалы жүргізуді тарату;


ESG-мен байланысты тәуекелдерді басқару, анықтау мен азайту.

Компанияда негізгі ESG-бастамаларды іске асыру үшін «Қазақтелеком» АҚ-ның ESG-тәжірибелерін дамыту бойынша Жол картасы жыл сайын қалыптастырылады және өзектендіріледі. Жалпы 2025 жыл ішінде Жол картасы шеңберінде корпоративтік басқаруды жетілдіруге, экологиялық әсерді төмендетуге, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға және қызмет ашықтығын арттыруға бағытталған 49-дан астам іс-шара іске асырылды.

Экологиялық
аспект

Энергия тұтынуды азайту, жабдықты жаңғырту, қалдықтарды басқару және төмен көміртекті дамыту бойынша бастамаларды іске қосу.

Әлеуметтік
аспект

Еңбекті қорғау, инклюзивті ортаны дамыту, қызметкерлерді оқыту және жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл.

Корпоративтік
басқару

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді дамыту, басқаруда ESG-тәуекелдер рөлін күшейту және корпоративтік басқару тиімділігін арттыру.

12-кесте. «Қазақтелеком» АҚ-ның 2025-2032 жылдарға арналған ESG-тәжірибелерін дамыту бойынша Жол картасының негізгі іс-шараларын орындау мәртебесі

GRI 403-9, 401-1

Экологиялық аспект*

-5,12%

энергия үнемдейтін шамдарды қолдану нәтижесінде жарықтандыру жүйелерінің энергия тұтынуын азайту


-1,8%

қозғалыс датчиктерін енгізу нәтижесінде жарықтандыру жүйелерінің энергия тұтынуын азайту


-2,09%

дербес компьютерлерді ұйқы режиміне көшіру мен толық ажырату нәтижесінде дербес компьютерлердің энергия тұтынуын азайту


-20%

мыс желілерді оптикалық-талшықты байланыс желілеріне ауыстыру нәтижесінде энергия тұтынуды азайту

Әлеуметтік аспект

83%

NPS (Net Promoter Score) — Тұтынушылық адалдық индексі


59%

SRS индексі


90%

ішкі пайдаланушы қанағаттанушылығы (eNPS)


0,07

LTIF

Корпоративтік басқару

14%

атқарушы органдағы әйелдер үлесі


ISO 37001 сертификатын алу

2025 жылы «Қазақтелеком» АҚ аккредиттелген сәйкестікті растау органы жүргізген парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ҚР СТ ISO 37001-2017 талаптарына сәйкестігіне алғашқы инспекциялық аудиттен табысты өтті. Аудит нәтижелері бойынша жүйенің нәтижелілігі және сәйкестік сертификатының 2027 жылғы 23 желтоқсанға дейінгі қолданысы расталды.


Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының туындау ықтималдығы бар барлық бөлімдер мен бөлімшелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жыл сайынғы бағалау

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты тәуекелдерді бағалау жүргізілген құрылымдық бөлімшелер үлесі — 75%.


ESG (климаттық) тәуекелдерді сәйкестендіруді жүргізу

2024 жылы климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді сапалық және сандық бағалау бойынша жұмыс жүргізілді.


Кадрлар тұрақтамауын 5%-ға дейін азайту

Процесте, 2024 жылдан бері төмендеуге қол жеткізілді.

* 2025 жыл үшін жоспарланған қысқарту орындалмады. Энергоаудит шеңберінде 2026 жылға арналған Түзету іс-шаралар жоспары әзірленді. Экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізу 2032 жылға белгіленген мақсатты мәндерді орындау жолында тұр.