Компанияда қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті реттейтін ішкі нормативтік құжаттар қатары қолданылады. Бұл құжаттардың ережелері Компанияның әрбір қызметкерімен орындалуға міндетті:
- Экологиялық саясат;
- «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022–2032 жж. арналған Төмен көміртекті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі — ТКДБ);
- 2024 жылға арналған ESG тәжірибелерін дамыту бойынша Жол картасы;
- «Қазақтелеком» АҚ-ның ішкі экологиялық тексерулер бағдарламасы;
- «Қазақтелеком» АҚ-ның биоалуантүрлілікті басқару және сақтау бойынша Нұсқаулығы;
- «Қазақтелеком» АҚ-ның жер ресурстарын мониторингтеу, есептілік пен рекультивациялау бойынша Нұсқаулығы;
- «Қазақтелеком» АҚ-ның 2025–2032 жж. арналған өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару бағдарламасы;
- «Қазақтелеком» АҚ-ның 2025–2032 жж. арналған су ресурстарын басқару және сақтау бағдарламасы;
- Қауіптерді, экологиялық аспектілерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау бойынша құжатталған рәсім;
- Еңбек қауіпсіздігі, денсаулықты қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да талаптарды сәйкестендіру бойынша құжатталған рәсім;
- Кәсіптік денсаулық, қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштерді мониторингтеу бойынша құжатталған рәсім;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару бойынша құжатталған рәсім;
- Авариялық жағдайларға дайындық пен әрекет ету бойынша құжатталған рәсім.
