1.2. «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының құрылымы
Еншілес компаниялар «Қазақтелеком» АҚ-ның инфокоммуникация нарығында B2C интеграцияланған сервис-провайдер ретінде қалыптасуында мынадай жолмен маңызды рөл атқарады:
- «Қазақтелеком» АҚ Тобының телекоммуникация нарығының мобильді сегментіндегі позициясын күшейту және дәстүрлі телекоммуникация қызметтерін дамытуға үлес қосу;
- «Қазақтелеком» АҚ-ның негізгі қызметтер желісін толықтыратын жаңа өнімдерді іске қосу;
- электрондық коммерция («Қазақтелеком Магазин») сияқты жаңа бағыттарды дамыту;
- цифрландыруды және үлкен деректермен жұмысты қамтамасыз ету.
1.2.1. Ұялы байланыс
«Кселл» АҚ (51%)
Соңғы 20 жылда «Кселл» АҚ Қазақстандағы ең заманауи, технологиялық жағынан озық және ауқымды ұялы байланыс желілерінің бірін салуға қол жеткізді. Компания мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар беру қызметтерін, мультимедиалық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қол жеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректер беру қызметтерін, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізуді ұсынады.
«Кселл» АҚ мен Activ брендтері қызмет көрсетудің жоғары сапасының және жоғары тұтынушылық құндылықтың арқасында B2B және B2C сегменттерінің жоғары бәсекелес телекоммуникация нарықтарында өзін жақсы көрсетті. «Кселл» АҚ 2G, 3G және 4G/LTE, 5G желілерінде жұмыс істеу үшін мерзімсіз лицензияға ие.
«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС
(бүкіл үлестің сатылуы)
2025 жылы Tele2 және Altel брендтерінде жұмыс істеген «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100%-ын сату мәмілесінің аяқталуымен байланысты «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобының құрылымында өзгерістер болды. 2025 жылғы 14 қаңтарда мәміле аяқталғаннан кейін компания Топ периметрінен шықты. Мобильді активті сату «Қазақтелеком» АҚ активтер портфелін трансформациялаудың бөлігіне айналды және компанияға тіркелген байланысты, сандық инфрақұрылымды, деректерді өңдеу орталықтарын, ЖИ-платформаларды және жаңа B2B/B2G-сервистерді дамытуға назар аударуға мүмкіндік берді.
2025 жылғы 14 қаңтарда «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін PIH Communication LLC компаниясының пайдасына өткізу бойынша мәміле аяқталды.
1.2.2. Техникалық ресурстар
«Ауыл Телеком» ЖШС (100%)
Компания коммуникациялық жабдықтарды монтаждау және баптау бойынша техникалық жұмыстарды орындайды, сондай-ақ Қазақстанның ауылдық елді мекендерінде телекоммуникациялық желіні дамытуға бағытталған.
Байланыс нысандарын: базалық станцияларды, ЦРРЛ-ды жобалау және салу, базалық станцияларды, радиорелелік және спутниктік жабдықтарды монтаждау/демонтаждау бойынша қызметтер көрсетеді.
CaspiLink B.V.(50%)
CaspiLink B.V. «Қазақтелеком» АҚ-ның сыртқы интернетке шығуы бойынша балама маршрут құруға бағдарланған компания болып табылады.
«КТ АйИкс» ЖШҚ (100%)
Компания «Қазақтелеком» АҚ-ның Ресей Федерациясындағы техникалық түйінінің функцияларын орындайды және мынадай қызметтерді көрсетеді:
- ММТС № 9 түйіні негізінде операторлар мен корпоративтік клиенттерді IPLC және IP VPN арналарын жалға беру бойынша қосу және оларға қызмет көрсету;
- «Қазақтелеком» АҚ желісінде интернет-трафик пирингі (Google, VK, Mail.ru, HD/UHD/4K-контент).
1.2.3. Жаңа бизнестер
«НҰРСАТ+» ЖШС (100%)
«Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы, электрондық коммерция саласындағы жаңа бизнес бағыттарын дамытушы.
«Сандық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС (100%)
«Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы, «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп Қазақстанда тауарларды таңбалау және қадағалау қызметтерін көрсетеді.
«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС (100%)
Жаңа бизнесті одан әрі дамыту кезеңіндегі «Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы.