Казахтелеком

73%

4.1. Тұрақты дамуды басқару

4.1.7. Маңыздылықты талдау

GRI 3-1

GRI халықаралық стандарттарына сәйкес маңызды тақырыптарды айқындау Компаниямен өткен есепті кезеңде жүргізілді. Бағалау Компания қызметінің ықтимал және нақты әсерлерін талдауға негізделді және басшылық пен мүдделі тараптар өкілдерінің бірлескен жұмысының нәтижесі болды. Ол ішкі де, сыртқы стейкхолдер топтарын да қамтыды.

Маңыздылықты айқындау кезеңдері:

1-кезең

Контекстті талдау.

  • Компания қызметі контексті мен әлемдік күн тәртібі негізінде тақырыптар тізімін қалыптастыру.
  • Мүдделі тараптар шеңберін айқындау.
1

2-кезең

  • Компанияның нақты және ықтимал әсерлерін анықтау.
  • Оның әсерлерін анықтау үшін сараптамалық салалық материалдар мен Компания тәуекелдерін талдау.
2

3-кезең

  • Әсерлер маңыздылығын бағалау.
  • МТ сауалнамасы мен Компанияның ішкі сараптамасы негізінде әсерлердің күші мен ауқымын бағалау.
3

4-кезең

  • Маңызды әсерлерді басымдандыру.
4

GRI 3-2

Маңыздылықты айқындау қорытындысы бойынша маңызды тақырыптар тізімі қалыптастырылды, оған мыналар жатқызылды:

Әлеуметтік аспект

  • Еңбекақы төлеу және қызметкерлерге арналған әлеуметтік бағдарламалар.
  • Жұмыс орнындағы денсаулық пен қауіпсіздік.
  • Қызметкерлерді оқыту және дамыту.
  • Адам құқықтары және тең мүмкіндіктер.
  • Жергілікті қоғамдастықтарды дамыту.

Экологиялық аспект

  • Биоалуантүрлілік.
  • Климаттың өзгеруімен күресу (оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын азайту)
  • Энергия тұтыну және энергия тиімділігі.
  • Қалдықтарды басқару.
  • Атмосфераға шығарындылар.
  • Су ресурстарын басқару.

Корпоративтік басқару аспектісі

  • Экономикалық нәтижелілік.
  • Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау.
  • Инновациялар және жаңа технологиялар.
  • Сапалы және қолжетімді қызметтер.
  • Сатып алу тәжірибелері.
  • Корпоративтік этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.
  • Нарықтар мен бәсекелестік.

2025 жылы маңызды тақырыптар тізімінде 2024 жылмен салыстыр­ғанда өзгерістер болған жоқ.