Казахтелеком

73%

5.5. Корпоративтік хатшы

Корпоративтік хатшы өз қызметінде Директорлар Кеңесіне есеп береді, өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғының, Корпоративтік басқару кодексінің, өзге де ішкі құжаттардың нормаларына, сондай-ақ Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар Кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

Корпоративтік хатшы Акционерлердің жалпы жиналыстары мен Директорлар Кеңесі отырыстарын дайындауды ұйымдастырады, құжат айналымы мен хаттамаларды жүргізеді, Директорлар Кеңесі мүшелеріне қажетті ақпарат береді және шешімдердің орындалуын үйлестіреді, қажетті жағдайларда негізгі консультациялар жүргізеді, ішкі құжаттарды әзірлеу мен өзектендіруге қатысады. Корпоративтік хатшы орган шешімдерінің орындалуын мониторингтеуді және Қормен және басқа да стейкхолдерлермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Корпоративтік хатшы туралы ережемен Компанияның корпоративтік Интернет-ресурсындағы «Корпоративтік басқару» бөлімінде танысуға болады.

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік хатшысы Абдыкалыков Б.К. мемлекеттік марапаттарға, «Үздік байланысшы» салалық атағына ие. «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялар тобының үздік корпоративтік хатшыларының бірі ретінде танылған, корпоративтік басқару мен корпоративтік хатшылар институтын одан әрі жетілдіру бойынша әртүрлі іс-шаралардың тұрақты қатысушысы. Орталық Азия Корпоративтік хатшылар Қауымдастығының Құрметті қатысушысы. «Корпоративный секретарь 2023» байқауы қазылар алқасының төрағасы болды. 2024 жылы оған Орталық Азия корпоративтік хатшылар қауымдастығының «Бизнес-ортаны жақсартуға және елде корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелері мен тұрақты даму стандарттарын енгізуге қосқан үлесі үшін» Алғыс хаты табыс етілді.

Корпоративтік хатшы туралы ережемен Компанияның корпоративтік Интернет-ресурсындағы «Корпоративтік басқару» бөлімінде танысуға болады.